БҚО-да 17 мектеп карантинге жабылды

Батыс Қазақстан облысында оқушылар мен мұғалімдерден коронавирус анықталып, 17 мектеп карантинге жабылды. 8 ақпаннан бастап облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен оқу орындары инкубациялық кезең аяқталғанға дейін қызметін тоқтатты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қазір өңірде 17 орта мектеп карантинге жабылғанын, оның 8-і Орал қаласында орналасқанын хабарлады.

«Ақпанның басынан бері Оралда 43 оқушы КВИ жұқтырды. Олардың 28-і штаттық форматта оқыған. Қазір қала бойынша сегіз мектеп карантинге жабылды. 16 ақпаннан бастап екі мектеп жұмысын қайта бастады», — деді Орал қалалық білім бөлімінің бас маманы Бағдагүл Бақтыгереева.

Мектептерде карантин екі аптаға жарияланады. Барлығы қашықтан оқыту форматына ауысады.

Айта кетейік, қазір БҚО коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша «сары» аймақта.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...