2022 жылдың 22 сәуірі күні БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170/1 мекемесінде жас қызметкерлер мен тәлімгерлер слеті өтті.

Шара мақсаты ҚАЖ қызметіне кірген жас қызметкерлермен идеологиялық және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, жас қызметкерлерде отансүйгіштік сезімдерін және кәсіби дағдыларын қалыптастыру, ІІО жас қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруға бағытталған. Осы жерде жас қызметкерлердің қызметке қолайлы бейімделулері, нәтижелі қызметке бет бұрып әрекет етулеріне аға-буындағы әріптес-тәлімгерлердің көмегі өте маңызды. Жас қызметкерлерімізге алдағы уақытта қызметтеріңізде алға басу, жұмыстарыңызға табыс, үлкен жетістіктер, таусылмас күш, қуанышты сәттер тілейміз. Тәлімгерлер жас қызметкерлермен тығыз байланыста жұмыс жасап, қызметте қолдау көрсетіп, біріккен нәтижелі жұмыс атқаратындарыңызға үлкен сенім білдіреміз.
