БҒМ: Төрт университет пен 29 колледж жабылу алдында тұр

Министрлер кабинетінің отырысында білім және ғылым министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов еліміздің жоғары оқу орындарында оқыту сапасын арттыру шаралары туралы айтты.

Министр жоғары оқу орындарында білім сапасын бақылау екі бағытта жүргізілетінін айтты: лицензиядан айыру немесе сапасы төмен университет немесе колледжді жабу, университетті немесе колледжді профильдеу.

«Қазір 15 жоғары оқу орны мен 31 колледж жабылды. Тағы төрт университет пен 29 колледж жабылу сатысында. 61 жоғары оқу орнынан 500 лицензиялық өтінім және 375 колледжден 2200 өтініш қайтарылды. Мұғалімдерді дайындайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге қысқарды. Сапалы білім болмағанын көріп отырмыз, сондықтан сапалы білім беретіндер ғана жұмыс істейді. Заңгерлерді дайындайтын жоғары оқу орындарының саны 72-ден 61-ге қысқарды», – деді білім және ғылым министрлігінің басшысы.

Жалпы, оның айтуынша, еліміздің жоғары оқу орындарында 1 миллионнан астам студент білім алуда. Олардың 300 мыңы жыл сайын орта есеппен еңбек нарығына шығады. ҚР білім және ғылым министрлігінің басшысы үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҰБТ өткізудің орындылығы туралы айтқанын да жазған едік.

Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық – Президент 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет қазынасына ауыз салу, Конституцияның талаптарын аяққа таптау – елге жасалған ең ауыр қастандық екенін айтты.

Послание в диалоге с гражданами 

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОТ ВСЕХ ФРАКЦИЙ ПРОВЕЛИ 155 ВСТРЕЧ С...

Елімізде ағаштың кей түрлерін экспорттауға тыйым салынуы мүмкін 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялап, 4 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынды.

Қазақстан жылыжай көкөністерінің импортын арттырып келеді 

Ұлттық статистика бюросының (ҰСБ) мәліметінше, суық маусымда Қазақстанның импорттық көкөністерге деген қажеттілігі жоғары деңгейде қалып отыр. Өткен қыста шетелден жеткізілген қияр көлемі қараша және желтоқсан айларында күрт өскен. Бұл үрдіс 2026 жылдың алғашқы айларында да жалғасын тапты.

Ресей мен Украина бітімге келе ме: Қазақстан үшін келіссөздің маңызы қандай? 

Өткен аптада, тоғыз айлық үзілістен кейін, Украина мен Ресей АҚШ-тың делдалдығымен Абу-Дабиде келіссөз үстеліне қайта отырды. Екі күнге созылған кездесуде тараптар әскери тұтқындарды айырбастау жөнінде алдын ала уағдаласқанымен, аумақтық мәселе мен қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты ортақ шешімге келе алмады.