Бұдан былай өз бетінше төлеушілер МӘМС төлемдерін алдағы бір жылға төлеп сақтандырыла алады

Биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар үшін сақтандырудың жаңа тәртібі қолданысқа енгізіледі. Заңға енген өзгерістерге сәйкес, бұдан былай сақтандыру жүйесіне қосылу үшін алдағы 12 айға жарна төлеуге болады, деп хабарлайды Медициналық сақтандыру қоры Алматы филиалының баспасөз қызметі.
Хабарламаға сүйенсек, сақтандырылмаған пациенттер медициналық көмекті пайдалану үшін қыркүйек айынан бастап 2023 жылдың қыркүйегіне дейін жарна аудара алады. Сол арқылы олар алдағы бір жылға өзін-өзі сақтандыру мүмкіндігіне ие болмақ.
Қазіргі таңда өз бетінше төлем жасаушылардың ай сайынғы жарнасы 3000 теңгені құрап отыр.
Филиал басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда 3 млн астам адам сақтандырылмаған.
«Сақтандырылмаған азаматтар тәуекел тобына жатады. Өйткені олар шұғыл жағдайларды қоспағанда, жоспарлы медициналық көмекті пайдалана алмайды. Аталған өзгерістер осының алдын алу мақсатында және халықтың сұранысы бойынша енгізілген болатын. Нәтижесінде сақтандырылмаған халықтың шамамен 30%-ы жаңа төлем түрін пайдаланады деген болжам жасалып отыр. Сонымен қатар өткен айларға берешегі жоқ азаматтар үшін МӘМС жарнасын ай сайын төлеу құқығы сақталады», — деді Тілеухан Әбілдаев.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін сақтандыру пакетіндегі қызметтерді пайдалану үшін дербес төлеушілер өткен 12 айдың жарнасын төлеуге міндеттелген болатын.
Медициналық көмек сапасына қанағаттанбаған жағдайда азаматтар емхананың пациенттерді қолдау қызметіне жүгіне алады. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, МСҚ-ның fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы шағым қалдыруға болады.

ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДАҒЫ ОТЫЗ ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының 30 жылдығына орай Сот жүйесі –...

Честность, профессионализм и ответственность – основа государственной службы

В Ауэзовском районе Алматы состоялась встреча с государственными служащими,...

Адалдық, кәсібилік және жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі

Алматы қаласының Әуезов ауданында мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және...

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттық...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...