12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеру және әкімшілік істерге дау айту мәселелері

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 20-тарауында бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын тергеп-тексеру негіздері, тексеру жүргізу тәртібі және нәтижесі бойынша әкімшілік актілерді қабылдау тәртібі айқындалған.
Монополияға қарсы органға заңбұзушылық белгілері туралы материалдар немесе өтініштер түскен жағдайда, бұл тергеп-тексеру жүргізудің негізі болып табылады. Кодекстің 216-бабына сәйкес, тергеп-тексеру бастауға мемлекеттік органдардан түскен материалдар, жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері, сондай-ақ монополияға қарсы органның өз талдау нәтижелері себеп бола алады.
Тергеп-тексеруді бастау туралы бұйрық қабылданып, оның көшірмесі өтініш берушіге және өзге мүдделі тұлғаларға үш жұмыс күні ішінде жолдануға тиіс. Аталған бұйрыққа Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес шағым келтіруге болады, алайда шағым беру оның күшін тоқтата тұрмайды.
Монополияға қарсы орган нарық субъектісінің үстем немесе монополиялық жағдайын анықтау мақсатында тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізеді. Бұл талдау нәтижелері тергеп-тексеру қорытындысына және әкімшілік актілердің заңдылығына тікелей әсер етеді.
Мысал ретінде, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралған «Аралтұз» акционерлік қоғамының ісін келтіруге болады. Компания Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық департаменті шығарған бұйрыққа дау түсірген. Алғашқы және апелляциялық саты соттары талапты қанағаттандырусыз қалдырғанымен, Жоғарғы Сот кассациялық сатыда Кәсіпкерлік кодекстің 218-бабы талаптарының толық сақталмағанын анықтап, «Аралтұз» АҚ-ның талабын қанағаттандырған.
Бұл жағдай соттардың осындай дауларды қарау кезінде Кодекстің 174, 175 және 218-баптарының толық орындалуын мұқият тексеруі қажеттігін көрсетті. Сонымен бірге, соттар тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 3 мамырдағы №13 бұйрығымен бекітілген әдістемеге сәйкес жүргізілгенін анықтауы тиіс.
Монополияға қарсы органдар баға белгілеу кезінде де арнайы әдістемелерге сүйенеді. Мәселен, монополиялық жоғары немесе төмен баға белгілерін анықтау ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы №173 бұйрығымен бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік кодекстің 222–223-баптарында тергеп-тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату негіздері бекітілген. Мұндай шешімдер сараптама жүргізу, өзге істермен байланыс немесе тергеп-тексеру объектісінің қызметін тоқтату жағдайларында қабылданады.
Тергеп-тексеру қорытындысы бекітілген соң монополияға қарсы орган тиісті шешім қабылдайды:
заң бұзушылық болмаған жағдайда істі тоқтатады;
әкімшілік іс қозғайды;
бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарады;
материалдарды құқық қорғау органдарына жолдайды.
Сондықтан бәсекелестікті қорғау саласындағы кез келген тергеп-тексеру заңмен нақты реттеліп, оның нәтижелері бойынша қабылданған әкімшілік актілерге шағым келтіру мүмкіндігі әрбір кәсіпкер мен ұйымның құқығын қорғаудың маңызды кепілі болып табылады.

                                        Қызылорда облысының мамандандырылған 
                             ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы     
                                            Мырзатаева Гулжан Жалгасбаевна

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...