Бәйдібек ауданында қуаттылығы 350 МВт  болатын жел электр станциясы бой көтермек

Бұл туралы бүгін Астанада Түркістан облысының әлеуметтік экономикалық дамуы жайлы баяндаған өңір әкімі Нұралхан Көшеров мәлімдеді. Мемлекет басшысы жасыл экономика, оның ішінде баламалы энергия көздерін дамыту – ұзақ мерзімді тұрақтылықтың кепілі болатынын атап өткен болатын.

«Осы орайда өңірімізге қажетті электр қуатының 75%-ын сыртқы көздерден тасымалдауға мәжбүрміз» деген облыс әкімі, бұл мәселені шешу үшін 6 маңызды жобаны қолға алғанын айтты. Атап айтқанда:

«Самұрық Қазына» қорымен Сайрам ауданында қуаттылығы 1 000 МВт болатын бу-газ станциясының құрылысы басталды. Нысан құрылысын 2027 жылы аяқтау жоспарлануда;

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы жеке инвестор есебінен Кентау қаласында қуаты 240 МВт болатын газ турбина станциясы салынады. Бүгінгі таңда, конкурстық рәсімдер мен келісімшарт түзу жұмыстары аяқталды. Нысан құрылысын 2 жылда аяқтау жоспарлануда;

Түлкібас ауданында 320 МВт-тық бу-газ және Сауран ауданында 485 МВт-тық 2 күн электр станциясының жобалары әзірленуде. Іске асыру мерзімі 2025-2027 жылдар;

Бәйдібек ауданында қуаттылығы 350 МВт  болатын жел электр станциясының құжаттары рәсімделуде. Іске асыру мерзімі 2026-2028 жылдар. Аталған жобаларды іске асыру есебінен экономикаға жалпы 1,8 трлн.теңге инвестиция тартылып, 2,4 ГВт электр қуаты өндіріледі. Нәтижесінде, жаңа өндірістерді ашуға қажетті электр қуатымен қамтамасыз ететін боламыз» деді облыс әкімі.

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...