Бұзылған құқықтарды қорғау және қалпына келтіру

Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Департаментке Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы фактісі бойынша азаматша Д. өкілінің өтініші келіп түсті.

        «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге міндетті.

Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде Алматы қаласы Жер қатынастары және Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы қызметкерлерінің іс-әрекеттерінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу бөлігінде бұзушылық анықталды.

Мәселен, Департаменттің тексеріс нәтижелері бойынша азаматша Д. Медеу ауданында жер учаскесін сату туралы Алматы қаласы Әкімінің қаулысы шығып, мемлекеттік қызмет алушының  бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.   

Осыған байланысты, мемлекеттік органның қызметкерлеріне қатысты бұзушылықтарға жол берген адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныс жіберілді.

Бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру мәселесі Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінде ерекше бақылауда.

Айбар Айдосұлы

Қазақстан Республикасы 

Мемлекеттік қызмет істері 

агенттігінің Алматы қаласы 

бойынша департаментінің 

Мемлекеттік қызметтер 

басқармасының  бас маманы                                           

Балалар мен ересектер жиі зардап шегуде – Президент қаңғыбас иттер мәселесіне қатысты пікір білдірді

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» бастамасын дамыту аясында жануарларға қамқорлық...

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 47 мың адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Алматы облысында «Жасыл болашақ» және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық...

«Ұлттық рухты ұлықтаған турнир: «ENU BARYSY – 2026» жеңімпаздары анықталды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойына...

Турнир, прославляющий национальный дух: определены победители «ENU BARYSY – 2026»

В Евразийском национальном университете имени Л. Н. Гумилева состоялся...

В Алматы стартовал проект «Социальная мастерская»

В Алматы стартовал социальный проект «Социальная мастерская», направленный на...