Бұзылған құқықтарды қалпына келтіру: Мемлекеттік қызмет істері департаментінің рөлі

Мемлекеттік органдардың қызметінде азаматтардың өтініштерін қарау жұмысы үлкен маңызға ие, себебі клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты құру тек мемлекеттік қызметшілер азаматтардың проблемалық мәселелерін мұқият қараған, заңнама талаптарын түсіндірген және бұзушылықтарды жоюға көмектескен жағдайда ғана мүмкін болады.

Практикада әлі де азаматтардың құқықтары мен мүдделері бұзылатын жағдайлар кездеседі: мемлекеттік органдар өтініштерді қарау мерзімін негізсіз бұзады, мемлекеттік қызметтерді уақытында көрсетпейді, негізсіз бас тартады, бұл өз кезегінде халықтан шағымдардың түсуіне әкеледі.

Айта кету керек, Департаменттің қызметі азаматтардың құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған жұмысты сапалы ұйымдастыруға толықтай арналған. Осы мақсатта азаматтарға өз сұраулары, өтініштері мен шағымдарын жолдауға мүмкіндік беретін «Telegram» желісінде арнайы платформа құрылды.

2025 жылы «Telegram» жүйесіне 409 өтініш түскен, оның ішінде 72 өтініш бойынша мәселелер оң шешімін тапқан, ал 337 өтінішке түсіндірме сипаттағы жауап берілген.

Мысалы, Департамент азамат Р.-ға «Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» мемлекеттік қызметін алу кезінде құқықтарын қалпына келтіруге көмек көрсетті. Атап айтқанда, азамат өз тұрғылықты жеріндегі поликлиникаға тіркелу үшін өтініш берген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі 1 жұмыс күні болғанына қарамастан, азаматқа бір апта күтуге тура келген.

Департаменттің араласуынан кейін поликлиникадағы бұзушылықтар жойылып, азаматқа мемлекеттік қызмет жедел көрсетілді.

Айдосұлы Айбар, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...

Алматылықтар МӘМС қаражатынан 130 млрд теңге жұмсады

2026 жылы Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласындағы медицина ұйымдарына...

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақтың жоғары білім тарихын Абай университетінің шежіресінен бөліп қарай...