12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

БҰЛ ТЕК СПОРТТЫҚ БӘСЕКЕ ЕМЕС, ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ, ПАТРИОТТЫҚ РУХТЫҢ ҮЛГІСІ

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының XI спартакиадасының іріктеу ойындары жоғарғы деңгейде өтті.

2025 жылғы 22-24 мамыр аралығында ҚР Судьялар одағының XI спартакиадасы жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, еліміздің жиырма өңірі мен оларға теңестірілген соттар судьяларының қатысуымен өтті. Бұл дәстүрлі спорттық іс-шара – судьялар ынтымақтастығы мен достығының, бірлігі, өзара сыйластығының көрінісі болды. Спартакиаданың өңірлік іріктеу кезеңдері еліміздің төрт аймағында – Тараз, Көкшетау, Семей және Ақтөбе қалаларында өтті.

Әр өңірде ұйымдастырылған жарыстарға бірнеше командалар қатысып, 9 спорт түрінен өзара сайысқа түсті. Жарыс тек спорттық шеберлікпен ғана емес, әділдік, достық пен командалық рухтың айқын үлгісімен есте қалды. Спартакиаданың салтанатты ашылу және өту кезеңдеріне еліміздің сот жүйесінің ардагерлері, облыстық соттардың төрағалары мен облыс әкімдері қатысты. Сонымен қатар, жарыстың сәтті өтуіне барлық облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, әділ төрелік танытқан төрешілер құрамы, Жамбыл, Ақтөбе, Абай және Ақмола облыстарының Судьялар одағы филиалдары белсене араласып, үлкен ерік-жігер танытты. ҚР Судьялар одағының Орталық кеңесі аталмыш ұжымдар мен жекелеген төрағаларға алғыс білдіріп: «Сіздердің бірлескен еңбектеріңіз – сот жүйесіндегі азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рухтың үлгісі. Бірлік пен ынтымақты паш еткен бұл спартакиада – кәсіби ортадағы мәдениеттіліктің, әділдік пен сыйластықтың айқын белгісі болды. Осындай шаралар арқылы біз тек спорттық белсенділік танытып қана қоймай, кәсіби әлеуетімізді де арттыра түсеміз. Бұл – еліміздің сот жүйесі үшін зор маңызы бар қадам» – деген жүрекжарды лебізін білдірді.

Спартакиада – еліміздің сот жүйесінде ұзақ жылдар бойы абыроймен қызмет еткен отставкадағы судьялардың сергектігі мен қоғамдағы белсенді орнын айқындаған тағылымды шара болды. Бұл жарыс ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын, жастарға үлгі боларлық маңызды кездесуге айналды. Оңтүстік және Шығыс өңірлерінің ашылу салтанатына сот саласының беделді қайраткерлері, Судьялар одағының экс-төрағалары – Серік Байбатаров пен Ауезнұр Қаженов арнайы шақырылып, ашылу рәсіміне құрметті қонақ ретінде қатысты. Олардың қатысуы іс-шараның мәртебесін көтеріп, қатысушыларға зор рухани серпін берді. Спартакиада барысында отставкадағы судьялар өздерінің өмірге деген құлшынысын, спортқа деген сүйіспеншілігін айқын көрсетті.

Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз аудандық сотының бұрынғы төрағасы, 70 жастағы Рахымқұл Тұрабаев шахмат жарысына қатысып, екінші орынды иеленді. Ал Қостанай облыстық мамандандырылған экономикалық сотының ардагері, 72 жастағы Бақытқазы Ордабаев үлкен теннис бойынша сынға түсіп, бірінші орынды жеңіп алды. Жасы жетпістен асса да, өмірлік белсенділігінен танбаған бұл ардагерлер – жастар үшін шынайы үлгі. Олар спортты серік етіп, салауатты өмір салтын насихаттап келеді. Осындай ардақты азаматтарымыз тұрғанда – еліміздің болашағы жарқын, ал сот жүйесінің абыройы биік болмақ. Өңірлік сыннан сүрінбей өткен, үздік өнер көрсетіп, жүлделі бірінші орынды жеңіп алған мықтылар енді биыл күзде өтетін республикалық шешуші спартакиадада кездеседі.

ҚР Судьялар одағының орталық кеңесі

2025 жылы қазақстандық ата-аналар ең көп қандай есімдерді таңдады?

2025 жылғы 1 қаңтар мен 22 мамыр аралығында балаларға қойылған есімдер есепке алынған.

Мемлекет басшысы Әзербайжан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Әзербайжан президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстанда еңбек салалары бойынша жаңа мерекелер пайда болады

Қазақстанда алты жаңа кәсіби мереке пайда болады. Мұндай ұсынысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі енгізді

ҚР Судьялар одағының XI спартакиадасы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ Тараз қаласындағы Судьялар одағының XI спартакиадасының салтанатты...

Исатай СМАТОВ, Маңғыстау облысы әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы: «ЖАҢА РЕФОРМАЛАР – ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ БАСТАУЫ»

Сот жүйесін жаңғырту, сотқа деген сенімді нығайту мақсатында көптеген реформалардың жүзеге асырылғаны белгілі. Дербес кассациялық соттар – сол ілкімді жобалардың бірі. Бұл бастаманың қолға алынуына не себеп болды?