Бүгінгі кеден қызметкері — үздіксіз оқып, өз білімін жетілдіріп отыратын кәсіби тұлға

Кеден органдарында қызмет ету әрқашан беделді саналып келген және бұл мәртебе бүгінде де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Қазақстанның халықаралық экономикалық бірлестіктерге мүшелігі мен Қытай және Ресей сияқты алып мемлекеттермен шектесуі еліміздің тауар айналымын кеңейтуге, сондай-ақ әлемдік нарыққа шығуына зор мүмкіндік береді. Геосаяси тұрғыдан еліміз ежелгі «Жібек жолының» бойында орналасқан, бұл бағыт қазіргі таңда да Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропаны байланыстыратын маңызды сауда артериясы болып отыр. Сауда айналымының кеңеюі Қазақстанның экономикалық дамуына және халықаралық беделінің артуына елеулі үлес қосуда.

Бүгінгі кеден қызметкері — үздіксіз оқып, өз білімін жетілдіріп отыратын кәсіби тұлға. Оның мансаптық өсуі мен кәсіби табысы мықты теориялық және практикалық негізге сүйенеді.

Әлем елдері кеден қызметкерлерін арнайы даярлаудың маңыздылығын мойындап отыр, себебі кеден — ұлттық қауіпсіздіктің басты бағыттарының бірі. Кеден қызметкерлерін даярлау – бұл мемлекеттің стратегиялық мүдделерін қорғауға жауапты мемлекеттік қызметшілерді қалыптастыру процесі. Олар контрабанданы, есірткі тасымалын, терроризм мен заңсыз көші-қонды анықтауда алдыңғы шепте тұр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Кеден ісі» білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды 20 жылдан бері даярлап келеді. Осы уақыт ішінде университет Қазақстан Республикасының кеден органдарымен тығыз серіктестік орнатты, ал түлектер осы жүйеде табысты қызмет етіп жүр. Сонымен қатар, кеден ісі мамандарына логистикалық және халықаралық тасымалмен айналысатын компаниялар тарапынан да сұраныс жоғары.

ҚазҰУ дипломы елімізде жоғары бағаланып, беделді саналады. «Кеден ісі» білім беру бағдарламасы жыл сайын ұлттық рейтингтерде  көш басында тұр. Бағдарлама халықаралық FIBA аккредитациясынан өткен, бұл түлектердің дипломын халықаралық деңгейде мойындалуын қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда ҚазҰУ Дүниежүзілік сауда ұйымының аккредитациясына дайындық үстінде, бұл өз кезегінде «Кеден ісі» мамандығының дипломын ДСҰ-на мүше барлық елдерде тануға мүмкіндік береді.          

Рашева Г.К. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия докторы (PhD), доцент м.а.

Әлеуметтік көмектегі әділдік: мемлекет қолдауы кімдерге бағытталуы керек?

Айтпақшы, Жетісай ауданындағы бұл үй шынымен бар. Онда расында...

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...