Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды 

Бүгін Алматы, Орал және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, желсіздік, тұман, ауа инверсиясы сияқты факторлар атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етуі мүмкін. Соның салдарынан ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер ету қаупі артады.

Мамандар мұндай кезеңде:

  • ашық ауада, әсіресе көлік көп жүретін жолдардың маңында болу уақытын қысқартуды;
  • балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тартуды;
  • созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрілерін өзімен алып жүруді;
  • сырттағы физикалық белсенділікті шектеп, жаттығуларды жабық ғимараттарда өткізуді ұсынады.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.