Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазақстанның бірнеше аймағында алдағы аптада күн қатты ысиды. «Қазгидромет» мәліметінше, 21 шілдеде еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қаласы – ерекше өрт қаупі сақталады.

Шымкент – күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы +40°С-қа дейін көтеріледі. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде.

Ұлытау облысы – оңтүстік пен орталықта солтүстік-шығыс және шығыс жел, екпіні 15-18 м/с. Күндіз +35°С ыстық, Жезқазғанда да +35°С. 21-25 шілде аралығында ауа температурасы +30…+35°С-тан +41°С-қа дейін көтеріледі. Өрт қаупі бүкіл облыс бойынша жоғары.

Түркістан облысы – солтүстік пен батыста шаңды дауыл, жел екпіні 15-23 м/с. Күндіз +41°С. 21-28 шілде аралығында ауа температурасы +36…+41°С. Өрт қаупі өте жоғары.

Жамбыл облысы – желдің екпіні 15-25 м/с. Таразда да жел күшейеді. 21-28 шілде аралығында ауа температурасы +36…+41°С дейін көтеріледі. Өрт қаупі сақталады.

Атырау облысы – батыста найзағай, оңтүстік пен шығыста жел 15-20 м/с. Ауа температурасы +35…+39°С. Өрт қаупі өте жоғары. Атырауда +37…+39°С.

Жетісу облысы – таулы аудандарда найзағай, жел екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда +35°С ыстық.

Қызылорда облысы – орталық пен шығыста шаңды дауыл, жел 15-20 м/с. +41°С ыстық. Қызылордада да шаңды дауыл мен қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысы – батыс пен солтүстікте шаңды дауыл, жел 15-20 м/с. Күндіз +38…+40°С. Ақтауда да өрт қаупі өте жоғары.

Ақмола облысы – солтүстік пен шығыста найзағай, жел 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары деңгейде.Алматы облысы – таулы аймақтарда найзағай, жел 15-20 м/с. Қонаевта +35…+37°С. Өрт қаупі өте жоғары.

Абай облысы – оңтүстік пен орталықта жел 15-20 м/с, күндіз +35°С. Өрт қаупі жоғары, оңтүстікте өте жоғары.

Ақтөбе облысы – оңтүстік пен батыста +35…+38°С. Өрт қаупі оңтүстік пен орталықта – өте жоғары, солтүстік-батыс пен солтүстік-шығыста – жоғары.

Шығыс Қазақстан облысы – шығыста найзағай, жел 15-20 м/с. Өрт қаупі батыс, шығыс және оңтүстікте жоғары.

Павлодар облысы – найзағай, түнде тұман, жел 15-20 м/с. Өрт қаупі оңтүстік пен шығыста жоғары.

Қарағанды облысы – түнде және таңертең солтүстікте тұман. Жел 15-20 м/с. Солтүстік пен шығыста – жоғары, батыс пен оңтүстікте – өте жоғары өрт қаупі. Қарағандыда да өрт қаупі жоғары.

Батыс Қазақстан облысы – батыс пен солтүстікте найзағай, жел 15-20 м/с. +35…+38°С. Солтүстік пен шығыста өрт қаупі жоғары, батыс пен орталықта – өте жоғары. Оралда найзағай, күндіз +35°С.

Солтүстік Қазақстан облысы – найзағай, күндіз бұршақ. Түнде және таңертең тұман. Жел 15-20 м/с. Петропавлда найзағай, бұршақ, түнде тұман. Бұл кезеңде барлық өңір тұрғындарына қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ұсынылады.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...