Бүгін Әлем кубогінде Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

3 шілдеде Астанада бокстан Әлем кубогінің кезекті жарыс күні өтеді. Қазақстан құрамасынан бүгін рингке жеті боксшы шығады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жеті боксшымыздың үшеуі күндізгі сессияда, төртеуі кешкі бөлімде айқасады. Күндізгі сессия Астана уақытымен 14:00-де, ал кешкісі 19:00-де басталады.

Күндізгі сессия (басталуы 14:00):

Әйелдер. 70 кг: Наталья Богданова – Барбара Мария Дос Сантос (Бразилия) – ринг A, жұп №3
Ерлер. 60 кг: Серік Теміржанов – Шунсуке Китамото (Жапония) – ринг B, жұп №5
Ерлер. 80 кг: Нұрбек Оралбай – Лакшия Чанар (Үндістан) – ринг A, жұп №10

Кешкі сессия (басталуы 19:00):

Әйелдер. 57 кг: Айдана Забынбекова – Алиса Мендоса (АҚШ) – ринг B, жұп №2
Ерлер. 55 кг: Махмұт Сабырхан – Аарон Джуд Бадо (Филиппин) – ринг B, жұп №3
Ерлер. 75 кг: Сабыржан Аққалықов – Джошуа Офори (Канада) – ринг B, жұп №6
Ерлер. +90 кг: Айбек Оралбай – Диего Ленци (Италия) – ринг A, жұп №8

Барлық кездесу ширек финал кезеңінде өтеді. Жеңіске жеткен спортшылар кемінде қола жүлдеге ілігеді.

Еске салайық, Астанадағы Әлем кубогі 6 шілдеге дейін жалғасады.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.