Азық-түлік дүкені бар кәсіпкерлерге салық пайызы төмендеді

Енді Алматыда дүкені бар мыңдаған кәсіпкердің салығы төмендейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты, Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров мәлімдеді.

Алматы қаласында шамамен 5 мыңға жуық азық-түлік дүкені бар. Дүкен иелері үшін енді бөлшек сауда салығы мөлшерлемесі 3%-ға төмендегенін айтты.

Қазіргі уакытта шағын дүкендердегі орташа үстеме баға 20-25%-ды құрайды, ал әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша — шамамен 15%, орта есеппен 20%-ды құрайды.

Депутат шығындар құрылымын келесідей тізбектейді:

* дүкенді ұстауға кететін шығындар — шамамен 10%;
* банктің эквайрингі — 2,5%;
* салық төлеуге дейінгі таза пайда — 7,5%.

Қазіргі 4% бөлшек сауда салығы кезінде дүкеннің таза пайдасы небәрі 3,5%-ды құрап отыр. Бұл осы бизнес санатына салық жүктемесін пайданың шамамен 35%-ын құрайтынын білдіреді.

Шағын дүкендердің иелері, көбінесе әйелдер, дүкенде көбінесе олар өздері жұмыс істейді. Алайда, соңғы жылдары мұндай дүкендердің жабылуының алаңдатарлық тенденциясы байқалуда. Бұл жұмыспен қамтуда жене халық үшін тауарлардың қолжетімділігіне қауіп төндіреді, — дейді депутат.

2026 жылдан бастап жеңілдетілген режимге қатысты шектің өзгеруіне байланысты көптеген кәсіпкер жалпыға ортақ салық салу режиміне өтуге мәжбүр болады. Бұл дүкендердің жабылуына әкелуі мүмкін. Сондықтан салық мөлшерлемесін төмендету туралы қала әкіміне ұсыныс білдірген депутат, ұсынысының қолдау тапқанын жеткізді. 

Бұл жеңілдікке 2000 шаршы метрден аз дүкендер кіретінін айта кету керек.

Дәл осындай ұсынысымды қабыл алып, қымбатшылық жағдайында жүздеген кәсіпкерге көрсеткен қолдауы үшін Дархан Амангелдіұлына алғыс білдіремін, — деді депутат.

127 мың талапкер, 75 мың грант: Биылғы конкурс қалай өтеді?

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер өтініш тапсырды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға артық.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қай санатта?

Өзін-өзі жұмыспен қам­тыған адам – жаңа Салық кодексіндегі экономикалық белсенді азамат­тардың жаңа санаты. Оған дербес қызмет көрсететін немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жұмыс істейтін, жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын және салық заңнамасында белгіленген шарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар жатады.

Мемлекет басшысы бірқатар елдегі Қазақстан елшілерін тағайындады 

Қазақстанның бірнеше елдегі дипломатиялық корпусында кадрлық өзгеріс болды. Президент жаңа елшілерді тағайындап, бірқатар дипломатты қызметінен босатты.

Үкімет Алакөлде жағалауды қорғайтын бөгет салуға 3 млрд теңге бөлді 

Мамандардың айтуынша, жоба Алакөл жағалауының одан әрі шайылуының алдын алып, көлдегі шөгінділердің табиғи қозғалысы мен қайта бөліну процесін сақтауға мүмкіндік береді.

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысы кейінге шегерілді

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы кейінге қалдырылды.