Ажырасу кезіндегі ескеру тиіс мән жайлар

Елімізде ажырасу көрсеткіші жоғары болғанымен сот процесі кезінде түрлі мәселелер туындап жатады. Көп жағдайда азаматтарымыздың құқықтық сауаты төмен болғандықтан, қарапайым нәрселерді ескермей жатады. Сондықтан бүгінгі мақалада ажырасу кезінде жиі кездесетін мәселелерге тоқталуды жөн көрдік.

Некені сот арқылы бұзу төмендегі жағдайда жүзеге асады:

  • егер ерлі-зайыптылардың біреуі сотпен хабарсыз кеткен, іс-әрекетке қабілеті шектеулі немесе іс-әрекетке қабілеті жоқ деп танылан, не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен сотталған жағдайлардан басқа, ерлі-зайыптылардың ортақ кәмелетке толмаған балалары бар болса;
  • ерлі-зайыптылардың біреуі некені бұзуға келіспеген жағдайда;
  • егер ерлі-зайыптылардың бірі ажырасудан бас тартса;
  • егер ерлі-зайыптыларда бір-біріне мүліктік немесе басқа да талаптары болса.

Егер ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болса және өзара мүліктік талаптар болмаса, сот себепті анықтамай-ақ некені бұзуы мүмкін, егер:

  • ерлі-зайыптылардың екеуі де ажырасуға келіссе;
  • олардың бірі ажырасудан бас тартса.

Некені бұзу туралы шешім шығарған кезде сотпен қаралатын мәселелер:

  • ажырасқаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының қайсысымен тұрады;
  • балаларды асырауға ата-аналардың қайсысы және қандай мөлшерде алимент төлейді;
  • кәмелетке толмаған балалардың және ерлі-зайыптылардың өздерінің мүдделерін ескере отырып, ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі мүлікті бөлу;
  • алиментті алуға құқығы бар жұбайының талабы бойынша алимент мөлшерін анықтау.

Егер күйеуі немесе әйелі сот процесіне қатыса алмаса немесе қатысқысы келмесе (кез келген себеп бойынша) және егер оның мүдделерін үшінші тұлға білдірсе, қосымша нотариалды куәландырылған сенімхат талап етіледі.

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының судьясы Утеубаев Канат Талғатбекович

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...