12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ажырасу азаймай тұр

Ерлі-зайыптылардың неке бұзу деректері жылдан жылға көбеюде. Бұл отбасылық құндылықтардың төмендеп кеткенін, азаматтар арасындағы жауаптылықтың, сыйластықтың әлсірегенін айғақтайды.

Ажырасудың салдары аз емес. Егер ерлі-зайыптылар арасында ортақ бала болмаса, ортақ мүлікті бөлуге қатысты келіспеушіліктер туындамаса неке бұзуда қиындық болмайды. Дегенмен, мемлекет үшін әрбір отбасының сақталғаны, әр шаңырақта береке-бірліктің орнағаны маңызды. Бір отбасының бүлінуі екі тағдырдың бөлінуіне, өмірін жол ортасынан қайта бастауына алып келеді. Сондықтан сот неке бұзуға ниет еткендерді татуластыруға, ажырасуға қатысты пікірін өзгертуге тырысады.

         Әсіресе ерлі-зайыптылардың ажырасуы бала психологиясына ауыр әсер ететінін түсінуіміз керек. Әрбір бала толыққанды отбасында, ананың жылуын, әкенің мейірімін көріп, сезініп өсуі тиіс. Ажырасу процесі ерлі-зайыптылардың өздеріне де психологиялық ауыртпалық жүктейді. Әрине, ер-азамат күнде ұрыс-керіс жасап, әйелі мен баласына тыныштық бермесе, арақ пен нашаға тәуелді болып жақындарын жәбірлесе ажырасу туралы шешім қабылдау ең дұрыс қадам болары сөзсіз. Алайда, қазір бір-бірінің сөзін көтере алмай, ерінің уақытша жұмыс істемеуін сылтау етіп, болмаса енмендігін баса алмай ажырасуға арыз беретіндер көп. Оларды балаларының көз жасы да тоқтата алмайды. Осындай жағдайлармен бетпе-бет келгенде шаңырақ көтеруге шешім қабылдағандарға арнап арнайы курстар ұйымдастыру керек деген ой туындайды. Мұндай тренингтерді кейбір өңірлер АХАТ бөлімдерінде ұйымдастыруды бастап та кеткен. Алдағы уақытта осы істі жалғастырып, ерлі-зайыптылық өмірге қадам жасағалы тұрған жастарды отбасылық өмірге дайындау, жанұялық жауаптылыққа үйрету, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін түсіндіру кезек күттірмейді.

Отбасының бүлінуі тек арыз жазумен, ажырасумен бітпейді. Алимент өндіру, баламен кездесу уақытын белгілеу, баланың тұрғылықты жерін анықтау, ортақ мүлікті бөлу секілді түйткілдің бәрі тек сот арқылы шешіледі.

Ажырасуды азайтып, кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау, отбасы институтының маңызын арттыру мақсатында елімізде Жоғарғы Соттың бастамасымен «Отбасылық сот» пилоттық жобасының жүзеге асырылып келе жатқаны мәлім. Жоба аясында судьялармен бірге психолог, педагог, медиатор, қорғаншылық ұйымының өкілдері тбасын сақтауға атсалысуда.

Э.Ақбаев,

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...