12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Ғажайып бестік»

Шағын ғана «Келбетті» қала­сында төтенше оқиға орын алды. Қаладағы беделді редактор көлігі жарылып қаза тапты. Осы істі тергеуге кіріскен аға тергеуші Берік Сабыровты бірінші кезекте оның қалай болғаны емес, сол оқиғаның салдары мазалап тұр еді. Оның олай ойлауына да себеп бар…

Танымал журналист Досан Хаметов­тің бұл қаладағы жауы шашынан көп  болатын. «Сол тізімде» тергеушінің аты бас жағында тұратын. Кезінде тергеуші бір істі тез жаба салу үшін «заң талаптарына тура келмес» әрекет жасағанда соны білген Досан газетіне әшкерелеуші материал жариялап, оның көп жылдық беделін жер еткен еді. Сондағы айқай-шудан бұл әрең аман қалғанмен, сол жай қызметтік дерегінде мәңгіге қара таңба болып қалды. Әрине, Берік кінә өзінен болған соң, журналиске тісін қайрамайтын. Бірақ, ол осы істі тергеу кезінде бір қателік жіберсе, көпшіліктің бұған қалай қарайтынын түсінген. Сондай-ақ, облыстық басқарма бұл істі Астана өз назарында ұстап отырғанын, егер нәтиже болмаса, облыстан маман жіберетінін де ескертіп үлгерді.

Бір ай бұрын…

«Келбетті» қаласында тарайтын «Көрген көзде айып жоқ!» газетінің редакторы Досан Хаметов терең ойда отырды. Оны қазірде өзі әбден сынаған дөкейлерден келетін қауіптен гөрі, қос досының өлімі мазалап тұрды. Негізі бұлар ажырамас 5 дос еді. Республиканың әр өңірінен келген жастар Алматыдағы белді бір университеттегі журналистика факультетінің бетке ұстар студенттері болды. Орталық Қазақстанның тумасы, мектепте жүргенде-ақ еті пысықтығынан журналистикаға ерте араласқан Арыстан бұларға басшы болып, сол салаға қатысты біраз жөн-жоба көрсететін. Соның ақылы мен өздерінің құлшыныстары бар дегендей, барлығы да оқу орнын «Қызыл дипломмен» бітірді. Өз топтарына әзілдеп «Ғажайып бестік» деп ат қойып алды (Арыстан «Бірінші» болса, бұл «Төртінші» еді). Оқу бітірген соң да бір-бірімен байланыстарын үзбей тығыз хабарласып отырды.  Бұдан басқалары республикадағы беделді БАҚ-та белді қызметтер атқарып жүрсе де, ешқашан өзара сыйластықтарын ұмытпады. Қажет болса, бір-біріне қол ұшын да беретін. Сондықтан Досан «Төрт досым барда мені ала қоятын жау жоқ!» деп ойлайтын. Ал, алдыңғы аптада жол апатынан қайтыс болған Арыстанның жетісінен келген бұл, екінші досының бірден жүрек талмасынан қайтыс болғанын естіп жүрегі дір ете қалды. 

Мұндай сәйкестікке сенбейтін Досан екі досының да бір қастықтың құрбаны болғанын сезді. Себебі, өлерінен екі күн бұрын Арыстан өзін біреулердің аңдып жүргенін айтқан еді. Бірақ, олар не үшін оны аңдып жүргенін білмейді екен. Ал, бүгін қайтыс болған досының өлімі Арыстандыкіне қатыссыз дейін десе, ол досы тізім бойынша «Екінші» еді. Істің анығын білу үшін ол газет жұмысын орынбасарына тапсырып, қос досының соңғы уақытта немен айналысқанын зерттей бастады. Әзірше өз күдігі туралы «Үшінші» мен «Бесіншіге» айтпай тұрғанды жөн көрді.

«Жау жоқ деме…»

Басшылығы Берікке басқа істерді жиып қойып, тек осы шаруамен айналыс дегенмен де әзірге ол айтарлықтай  нәтижеге қол жеткізе алмады. Тергеу кезінде өзі ойлағандай Досанның жауы көптігіне көз жеткізді. Барлығы да журналисті қолдарынан келсе жұлып жеуге дайын тұрғандарымен, кектерін осы уақытқа дейін неге жүзеге асырмағандарына бұл таң қалды. Бірақ информаторларынан редакторға осы қалада және Астана мен Алматыда өте мықты «крышалар» қолдау білдіріп тұрған екен деген хабар алды. Егер бұл мәлімет рас болса, онда журналистің қолдаушылары қарсы шабуылға шығып, қалада «разборкалар» басталады деген ойға келді. Бірақ, «қаланың қылмыс әлемі тып-тыныш» және ешбір дөкей де «кездейсоқ жағдайда бақилық болмады». Тіпті «журналисті анау тапсырыпты» деген сыбыс та шықпады. Тергеуші бұл іске өзге жақтағылар араласқан деген жорамалды да тексеруге кірісті. Сол кезде ол «Ғажайып бестіктің» достығы туралы мәліметті тапты.

Күдік

… Досан өз тергеуі кезінде күдігінің рас екеніне көз жеткізді. Қос досының өлімін зерттеуге кіріскен күннің ертесіне-ақ, соңынан түскен адамдарды байқады. Олардың өз үйі мен телефонын да бақылауға алғанын білді. Яғни,  әрбір қадамын аңдап басуы керек. Бірақ олар нені қалайды? Сол сұрақ оны қатты мазалады. Бұны өлтіретін болса, әлдеқашан-ақ көзін жоя салатын мүмкіндіктері бар еді ғой. Бірнәрсені білгілері келсе, ұрлап әкетіп қинап болса да сол ақпаратты біліп алары анық. Сонда олардың мақсаттары не? Досан екі күн бойы осы сауалдарға жауап іздеп басы қатып кетті. Ақыры  нар тәуекел деп өзін аңдушылармен тікелей сөйлесуге бел буды.

Журналисті бақылап жүрген екі адам оның өздеріне тіке келіп «Мені неге аңдып жүрсіңдер?» – дегенде олар абдырап қалды. Амалсыздан, өздерінің жеке детективтер екенін, бұларға бір клиенттен тек мұны сырттай бақылап жүру тап­сырылғанын айтты. Ал егер бұның өміріне қауіп төнсе, онда қорғау керектігі де бұйырылыпты. Тапсырыс беруші­нің суреттемесін естігенде Досан оның «Бесін­ші» екенін түсініп, онымен бірден хабар­ласты. Қызық болғанда ол да екі досының өлімін кездейсоқтық емес деп ойлапты. Сондықтан да қалған екі досының өміріне алаңдап, жасырын түрде жеке детективтерді жалдапты. Олар байқатпай «Үшінші» мен «Төртіншіні» бақылап, егер өмірлеріне қатер төнсе, көмекке келулері керек екен. Әзірге ешқандай да қатер байқалмапты. Бар жағдайдың анық-қанығын білген соң, Досан сол күні рахаттанып тұрып ұйықтады. Ал, ертесіне алматылық телеарналар, танымал бір журналисттің өз-өзіне қол жұмсап, көп- қабатты үйдің төбесінен секіріп кеткенін жарыса хабарлап жатты.

Досан «Үшіншінің» биіктен бала кезінен қорқатын, сондықтан әрі кетсе, үшінші қабаттан ғана қайтатын досының 30 қабатты ғимараттың төбесіне шығып, өз-өзіне қастық жасағанына сенбеді. «Бесінші» кеше түнде оны бақылаушы топтың байланысқа шықпағанын, ал азанда көлік ішінде өлі денелері табылғанын айтты. Досан тәуекелді іске баруға бел буды.

Тергеуші бір әріптесімен сөйлесіп тұрып, оның үстіңгі тістеріне көзі түсті. Ол журналистің өлі денесін тексергенде, көрген үстіңгі жақтағы ерекше болып тұрған «сары тістерді» есіне түсірді. Бірақ Досанның медициналық картасында оның қандай да бір жасанды тіс салдырғаны жазылмаған. Мұндай ерекше тістерді ол кезінде көлік ұрлығымен аты шыға бастаған Жолдас есімді жас ұрыдан көрген еді. Ол да журналист қайтыс болған күні жоғалып кетсе, сондай-ақ оның «жұмыс істеу аймағы да» дәл журналистің көлігі табылған ауданда еді. Өз жорамалын тексеру үшін тергеуші шұғыл түрде жас ұрының туыстарымен хабарласа бастады.

Досан қаладағы сенімді адамымен хабарласу үшін кеш түсе «Жартасты» көшесіне келді. Ол көлігін бір шетке қо­йып тұрып, автокөлігінің электр желілерін жөндету керектігін есіне түсірді. Өткенде көлік жөндеу шебері, «Уақытылы жөндетпесеңіз, бір жерде тұйықталу болса, көлігіңіз өртеніп, ал газбен жүретіндігін ескерсек тіпті жарылыс болуы да мүмкін» деген. Содан міне, әне барам, міне бараммен көлігін жөндету есінен шығып кетіп еді. Бұл жолы да іштей «Ертең авто­электрикке анық барамын!» – деп,  танысының үйіне кіріп кетті.

Жарылыс

Дәл осы сәтте оның әрбір қылығын  Жолдас бақылап тұр еді. Қараңғылық қоюлана түскен кез, олай-бұлай өтіп жатқан жүргіншілер де байқалмады, ең бастысы жақын маңда бақылау камералары да жоқ. Көлік ескілеу болса да, бөлшектеп сатса, қомақты ақшаға кенелем деп ойлаған Жолдас машинаның есігін тез аша салғанмен, көлікті от алдыруға 10 секундтай уақытын жұмсады. Енді жүргізіп бара жатқанда, бір күйіктің иісін сезгендей болды. Не болғанын түсінем дегенше, көлік шебері айтқандай дәл жанармай багінің жанынан қысқа электрлі тұйықталу орын алды. Нәтижесінде қуатты жарылыстан көлік аударылып Жолдас не болғанын түсінбестен қайтыс болып кетті. Қуатты жарылыстан сыртқа атып шыққан Досан өртеніп жатқан көлігін көріп, «маған қастандық жасалды» деген оймен бір қалыпты жүріспен ол жерден кетіп қалды. Жан-жақта болып жатқан у-шу кезінде ешкім оған мән бермеді де. Жолда кездескен бір қоқыс жәшігіне ұялы телефонын симкасымен бірге бөлшектеп, тастай салды. Құпия тұрағына жете сала теледидарды қосса, телеарналар өзінің қайтыс болғаны туралы хабарды жарыса айтып жатыр екен. Осылай Досанның «жасырын өмірі» басталды.

«Төртіншінің» кенеттен қайтыс болуы «Бесіншіге» ерекше әсер етті. Ол кімнің қаскөй екенін және ол мұның барлығын не үшін істеп жатқанын түсіне алмады. «Ендігі кезекте өзіммін» – деген оймен сақтық шараларын күшейтіп, күзет қызметінің басшысына тиісті тапсырмалар беріп жатты. Сол уақытта қаланың екінші шетіндегі бір квартирада отырған адамның да бұл қастандықты кім істеуі мүмкін деген оймен басы қатып тұр еді.

Досан кімге сенерін білмегендіктен, әзірге өзінің тірі екенін ешкімге білдіргісі келмеді. Өзінен аумайтын бөлесін өз үйіме тіркетіп қоямын деп алған төлқұжатты уақытша пайдалана тұруды ойлады. Шашын қараға бояп, көзіне компьютерден қорғайтын көзәйнегін тағып, қарапайым жұмыскер киімін киіп еді, айнадан өзін-өзі танымай қалды. Енді журналистік зеттеуді бастаса да болады.

Құпия мәміле

Алайда, Досан қанша әрекеттенсе де, қылмыстардың артында кімнің тұрғанын біле алмады. Содан амалсыздан ол Берікпен құпия түрде хабарласты. Тергеуші де оның дауысын естігенде таң қалмады. Себебі ол Жолдастың мүрдесіне жасалған сараптамадан журналистің тірі екенін білетін. Таса жерде жолығып «бестікке» қатысты жай мен көліктегі жарылыстың шын себебін білген соң, Берік басшылықпен хабарласып, содан кейін өз жауабын айтатынын жеткізді. Ал, ертесіне жоғары жақтан кешке қылмыскерге арналған қақпан құру туралы жоспар жасалғанын айтты. Сол күні-ақ қалада «Журналистің жарылыстан тірі қалғаны, ал оның орнына басқа біреуді жерлеп жібергендері» жайлы өсек гу ете қалды. Тіпті бір журналист жарылыс болған күні қаланың шетіндегі ауруханаға полицейлердің бір науқасты құпия түрде жатқызғанын, оны күшейтілген күзетпен қарауылдап жатқанын да өз блогында жариялады. Сол жаңалық енді жолға шығайын деп отырған адамға сүйіншідей естілді.

Қылмыскер полициядағы танысына хабарласып жүріп, ол аурухананы тез тауып алды. Тіпті оған ішке дәрігердің киімімен кіру де еш қиындық тудырмады. Бет-аузы дәкемен оралған науқасқа енді улы екпе жасап табанын жалтыратпақ. Бірақ ес-түссіз жатыр деген адам қолынан шап етіп ұстай алғанда не істерін білмей қалды. Сол сәтте жан-жақтан адамдар қаптап, ол есін жиямын дегенше қолына кісен салынған күйінде еденде жатты. Сол кезде барып ол өзінің қалайша еш кедергісіз аурухананы тауып, палатаға еркін кіргенінің себебін түсінді.

Қастық

Қамауға алынған Сағымбек сол күні-ақ, бар жағдайды еш жасырмастан айтып берді. Кезінде арнаулы қызметтен жаланың құрбаны болып қудаланып, соның кесірінен еш жерден жұмыс таппай қатты қиналып жүргенде Арыстан қолдан келген жәрдемін беріп, туған бауырындай қамқорлық жасаған соң, ол өзін оған мәңгі қарыздар санап жүріпті. Арыстан жол апатынан үш күн бұрын берге сұхбаты кезінде «Ғажайып бес­тіктің» басқа мүшелерімен сөзге келіп қалғанын, егер жағдай осылай жалғаса берсе, бір күні бір-бірімізді өлтіруге де баратын шығар­мыз», – деген екен. Содан ол Арыстан­ның өміріне алаңдап, оның соңынан байқатпай қарауылдап  жүріпті. Ал, Арыстан қайтыс болғанда бұны достарының тарапынан жасалған қастық деп ойлап, «Ғажайып бестіктің» басқа мүшелерін біртіндеп өлтіруге кірісіпті. «Екіншіні» жүрек талмасынан, «Үшіншіні» өз-өзіне қол жұмсағандай етіп бақилық еткенмен, оның көңілі жай таппапты. Себебі, ол екеуі де қанша жерден өлім аузында тұрса да, өздерінің Арыстанның өліміне еш қатысы жоқтығын айтудан қайтпапты. Олардан бөлек ол «Үшіншіні» күзетіп жүрген еш кінәсі жоқ екі детективті де өлтірді ғой! Мүмкін алдыңғы екеуі де шынымен күнәсіз шығар, ал «Төртінші» мен «Бесінші» Арыстанның өліміне анық қатысты болар деп ол өзін-өзі іштей жұбатыпты. Досанның «өлімін» естіген соң, «Бесіншіні» өлтіруге кірісейін деп жатқанда, «ғажайып аман қалу хикаясын» естіп ауруханаға келген екен.

Қылмыстық істі тез арада шешкені үшін тергеуші Берік басшылық тарапынан марапат алып, қызмет дәрежесі өтті. Сағымбек болса, тергеу кезінде өзінің қателесіп, жазықсыз төрт адамның өмірін жалмағанын түсініп, сот үкімін күтпей, өз-өзіне қол жұмсады. Ал «Ғажайып бестіктің» қалған мүшелері, қайтыс болған достарының отбасыларын өз қамқорлықтарына алды.

Қ.ДӘУЛЕТБАЕВ

Жетісай ауданы Түркістан облысы

ӘЗ-НАУРЫЗДА ТӨГІЛГЕН НӘРЕСТЕНІҢ БЕЙКҮНӘ ҚАНЫ

«Счастье всего мира не стоит одной слезы на щеке...

Қаралы сырлар

Кешкі сағат сегіздер шамасы. Аспанды көмкерген қалың бұлттанба, жоқ...

ҚОРҚАУЛАР

...Елді қарық қылмай, сананы сансыратқан нарық заманы қысқан сәтте,...

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...