12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАЖ қызметкерлерінің балалары қандай жетістікке жеткен?

Жетіліп келе жатқан баланы тұлға ретінде қалыптастыру, мақсатқа жете алатын табысты азамат етіп тәрбиелеу үлкен еңбек пен ыждаhаттылықты қажет етеді. Бала – жас шыбық, баптауына қарай өсіп- өнеді. Сондықтан ЗК-169/1 тергеу изоляторының қызметкерлері жұмыстарының қауырттығына қарамастан, бала тәрбиесіне аса ерекше назар аударып отырады. Содан да, болар олардың балалары жетістіктерге жетіп, ата-анасының үмітін ақтап келеді.

Мекеменің жедел бөлімі бастығының міндетін атқарушы, әділет майоры Т.Тышқанбаевтің қызы Раяна қаламыздағы М.Сужиков атындағы № 6 мектептің 3 сынып оқушысы. Сурет салады, би билейді. Білім мен зияткерлік байқауларының жеңімпазы. ХХI ғасыр көсбасшысы кітабына енген. Бақылаушы, әділет аға сержанты Құдайбергенов Бағдаттың баласы республикалық « DALA AYENI » байқауында « ТEATR ONERI » аталымы бойынша бас жүлде алған.

Ал, заңгер Р.Жолмановтың қызы Жания Республикалық Жас жұлдыз байқауына қатысып Вокал номинациясы бойынша бас жүлдені иеленген. Ең жас бүлдіршін, жасақ бастығы, әділет лейтенанты Н.Ниязовтың қызы да, талшыбықтай бұралып би билеп, қылығымен баурап, зеректігімен көзге түсіп, балабақшасында « Күз аруы» атанған.

Сондай-ақ, мекемеміздегі көп балалы әкелер Ғалым Томаев, Мамай Жаңаберген, Арысбек Мұңайтпас, егіз ұлдың әкесі А.Бердібек ұл-қыздарына тәлімді тәрбие беріп ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеп отыр. Әкенің « батырым», шешенің « құлыным» деген сөзін естіген перзентте жақсы сезім туып дамиды, ибалы мінез — құлық қалыптасады. Отбасының махаббатын, қолдауын сезініп өскен бала , кез — келген ортада өзін еркін ұстап, сенімді азамат болып өсері анық. Олай болса, шағырағымыздың шаттығы, бақытымыздың бағына айналған балаларымызға ерекше назар аудару керек. Оларды жетелеп отыру, жеткізу ата-ананың ең басты міндеті екенін біздің қызметкерлеріміз терең сезінеді – дейді, бес баланың, екі немренің атасы болып отырған мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет майоры Қ.Олжабаев.

Қазақстан Республикасы күніне орай пробация қызметінің есептегілеріне арналған экскурсия

Семей қаласының пробация қызметкерлері Қазақстан Республикасы күніне орай есептегі...

Саптық тексеріс өткізілді

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №79 мекемесінің жеке...

“Свет маяка надежды” әлеуметтік жобалар ассоциациясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №79 мекемесінде сотталған...

Заключён меморандум о сотрудничестве с Ассоциацией социальных проектов «Свет маяка надежды»

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области,...