ҚАЖ ардагерлеріне медаль табысталды

Абай облысында ҚАЖ ардагерлеріне Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналып дайындалған ШҚО бойынша ҚАЖД-і ардагерлер кеңесінің медальдары иегерлеріне табыс етілді.
Семей қаласы ОВ-156/14 мекемесінде қызмет атқарып, зейнетке шыққан ардагерлерге: Андрейцев Владимир Лукич, Абылкасимов Химиш Қожахметович, Қоңырбаев Бақтыбай Бобаевич, Жолдасбеков Бауыржан Аскарович, Қалмакбаев Ержан Курмангазиновичтерге Қазақстан полициясының 30 жылдығына ШҚО ҚАЖД-і ардагерлер кеңесімен арнайы тапсырыспен жасалған медальдар табыс етілді. Медаль иегелері бір ауыздан еліміз бейбітшілік пен келісімде ғана өмір сүрсе екен деген тілектерін айтып, алғыстарын білдірді.
«Ардагерлердің қызметте салып кеткен дара жолдары Біздермен ешқашан ұмытылмақ емес, сол себепті оларды бүгінгі марапаттарымен олардың денсаулықтарының жағдайына байланысты әрбіреуін үйлеріне барып құттықтап өттік. Бүгінгі күні олардың жасы 86-87 жасқа келіп отырған адамдар. Дегенмен өздерінің Үкіметпен, ҚАЖ қызметкерлерімен ұмытылмай марапатқа ұсынылып жатқандарына ризашылық білдіріп, жас мамандарға өсиеттерін айтып, бір жасап қалғандай болды. Әрине, ол кездегі қызмет пен қазіргі қызметтің арасы жермен көктей ғой. Солай десек те Отан алдындағы міндет, парыз, жауапкершілік өзгерген емес. Әрбір ардагерге атарған қызметтері үшін мың мәрте алғыс білдіріліп, сый-сияпаттар таратылды. »-дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

Әскери соттардың соттылығы: Жаңа құқықтық өзгерістер

Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери...

Әскери сот шешімдерін халықаралық деңгейде тану: Апостиль қоюдың заңдық негіздері мен тәртібі

Қазіргі жаһандану заманында азаматтар мен әскери қызметшілердің шетелдік мемлекеттермен...

Алматыда QASQYR CUP медиа аударыспақ турнирі өтті

Алматыда қазақтың ұлттық спорты аударыспақты кеңінен насихаттауға арналған QASQYR...

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған тағылымды шаралар Қазан айы...

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік...