«Қазгидромет» алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

“Қазгидромет” Қазақстан бойынша 2022 жылғы 24-26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер мәліметінше, елде жаңбыр және ауа температурасының төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ауа райы

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен 25 қыркүйекте батыста, 26 қыркүйекте солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі және бұршақ күтіледі. 26 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын болжанады (жаңбырдың соңы қарға ұласады). Ал оңтүстік-шығыс аймақтарда тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда өткінші жаңбыр жауады.

Ауа температурасы күндіз елдің батысында 22-33-тен 9-22 градусқа дейін, солтүстік-батыста 25-32-ден 10-23 градусқа дейін төмендейді. Солтүстікте 23-30-дан 5-20 градусқа дейін, орталықта 22-32-ден 20-28 градусқа дейін, Қызылорда облысында 30-35-тен 17-25 градусқа дейін төмендеуі болжанады. Елдің оңтүстік-шығысы мен қиыр оңтүстігінде ауа температурасы 25-35 градус шамасында сақталады.

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде...

РАЗДЕЛ СУДЕБНАЯ ВЛАСТЬ

К 5-летию административной юстиции ​Наступивший 2026 год для казахстанского правосудия...

ХИТУ колледжінде өткен «Колледж күні» кәсіби бағдар алаңына айналды

2026 жылдың 20 мамырында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің колледжінде «Колледж...

Масаң күйде көлік тізгіндеу қоғамға қауіпті

Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – масаң күйде көлік...

Прием заявлений о преступлениях

Порядок приема заявлений об уголовных правонарушениях регламентирован Правилами приема...