«Қазавтожол» «Алтын Орда» маңындағы жаңа жолда неге белгі қойылмағанына жауап берді

«ҚазАвтоЖол» ҰК «АҚ Алматы қаласындағы «Алтын Орда» базарының маңындағы жол учаскесінде неге тиісті жол белгілері қойылмағанына жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, жол құрылысы өткен жылдың соңында аяқталған болатын.

Ұлттық компанияның мәліметінше, жол төсемінің жоғарғы қабаты әлі толық аяқталмаған.

«2021 жылдың қараша айында бас магистралды эстакада құрылысы аяқталған кезде уақытша жол таңбасы енгізілді. 2022 жылы асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуіне байланысты уақытша белгі қойылмайды. Тұрақты жол белгілерін салу жұмыстары жұмыс толық аяқталғаннан кейін жүргізілетін болады», — деп хабарлады «Қазавтожол».

Сонымен қатар компания салынған жол бойындағы қоқысты кім тазарту керектігін айтты.

«Аталған жол бойында бірқатар ірі базарлар мен сауда орталықтары орналасқан. «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы күн сайын бөлу жолағындағы қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жолдың оңтүстік жағы Алматы қаласының аумағына, солтүстік жағы Алматы облысының Қарасай ауданына жатады», — деді компанияның баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиева.

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...

Используя трудовые ресурсы

ИЗУЧАЯ СФЕРУ ТРУДА И ЗАНЯТОСТИ, ОДНА ИЗ ПЛАТФОРМ ДЛЯ...

В фокусе безопасности

На территории ВосточноКазахстанской области прошло республиканское оперативнопрофилактическое мероприятие «Правопорядок»,...

«Алатау аманаты»

Все страны, заинтересованные в увеличении туристического потока, чтобы вызвать...

Новые штрафы и пределы допустимого наказания

В ПОСЛЕДНИЕ ДНИ В ОБЩЕСТВЕННОМ ПРОСТРАНСТВЕ АКТИВНО ОБСУЖДАЮТСЯ ИЗМЕНЕНИЯ,...