12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АЗАТТЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСТІ БІР ҒАНА ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫМЕН ӨЛШЕУ МҮМКІН ЕМЕС

Тәуелсіздік –Тәңірдің қазаққа берген сыйы. Ал біз осы сыйды бағалай алып жүрміз бе? Тәуелсіздіктің маңызын, мәнін түсіне алдық па? Әлемде өз тәуелсіздігіне қолы жетпей, ұлт ретінде ұйыса алмай отырған елдер қаншама! Солардың барлығы өзінің егемен мемлекеті, Әнұраны мен Туы, Ата Заңы болғанын қалайды. Білімді ұландарының, білікті ұл-қыздарының өз елінің атынан додаларға қатысып, елінің намысын қорғағанын, мемлекетінің атын шығарғанын жан-тәнімен тілейді. Өткен тарихының өшпеуін, ана тілінің ұмытылмауын өзге мемлекеттің ішінде жүріп тілейтін сол жандардың ұлтқа, ел ертеңіне деген жанкешті тірлігіне таңданбасқа әддің жоқ.

Саттар Мәжитов

Ал біз әлем мойындаған екі жүзге жуық бақытты мемлекеттің біріміз. Шекарамыз белгіленген, Бас құжатымыз – Конституцияның басты бағдарымызға айналғанына да толайым уақыт болды. Қазақстанды танытсақ, Қазақстанды өзгелерге тартымды етсек деген мақсатта қолға алынған шаралардың нәтиже бергені де, нәтижесіз қалғаны да аз емес. Кейде осындай әлемдік масштабтағы мәселелер ел ішіндегі өзекті мәселелерді көлеңкелеп, екінші қатарға ысырып тастағандай көрінеді. Ұлық мереке қарсаңында тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Саттар Мәжитовпен пікірлесіп, тәуелсіздік жылнамасына бір көз жүгіртіп өткен едік. Белгілі тарихшының түйіні төмендегідей.

Толық тәуелсіздік деген не?

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымда біз оларды қарастырған кезде егемендікті – «суверенный», тәуелсіздікті – «независимый» деп жазатынбыз. Егемендік бізге КСРО құрамында болған кезде келді. Яғни, 1990 жылы біз толық тәуелсіздікті алған жоқпыз. Тарихи ретроспектива тұрғысынан алған кезде әлемдік тәжірибеде кейбір елдер бірінші егемендігін алып, содан кейін тәуелсіз боп жатады. Мысалы, Үндістанға тәуелсіздік бірінші келіп, егемендікті содан кейін алды. Оларда тәуелсіздік күні 1947 жылдың 15 тамызы, ал Республика күні 1950 жылдың 26 қаңтарында. Ал КСРО құрамында болған республикалар ең алдымен егемендікті алды. Бұрын да Қазақ КСР Конституциясында оның территориясы, мемлекеттік тілі және тағы басқалар белгіленген. 1990 жылы егемендік алғаннан кейін біз ішкі мәселелерімізді өзіміз шешуге қол жеткіздік. Бірақ бұл әлі толық тәуелсіздік емес еді. Толық тәуелсіздік бізге 1991 жылы 16 желтоқсанда келді. Тәуелсіздікке байланысты арнайы заң қабылданды. Оған дейін егемендік туралы Декларация ғана болды. Егемендік бізде декларативті түрде ғана болды. Декларативті деген не? 1917 жылы Кеңес үкіметі орнаған кезде «Жер туралы» деген сияқты түрлі декреттер болды. Алайда, кеңестік дәуірдегі заңдардың бәрі декларативті түрде қабылданып, оның ешқайсысы іс жүзінде жүзеге аспады. Өйткені олар декларация түрінде болатын. Сондықтан егеменді мемлекет деп айтқанымызбен, ол декларативті түрде болды. Толық тәуелсіз болу үшін тәуелсіздік туралы арнайы заң болу керек. Сондықтан биылдан бастап Республика күнін ұлттық мейрам ретінде тойлап жатырмыз. Ол дербес мемлекет екендігімізді көрсететін мейрам. Ал бізді тәуелсіз мемлекет ретінде көрсететін Тәуелсіздік күні. Тарихтың әртүрлі ирониясы болады. Біздің жағдайда ол Желтоқсан оқиғасымен байланысты боп тұр.

Шындықты айту үшін әлі 50 жыл керек

Негізі тәуелсіздік жолында мыңдаған, миллиондаған адам құрбан болған. Тәуелсіздік жолындағы күресті бір ғана Желтоқсан оқиғасымен өлшеу мүмкін емес. Ол XVIII ғасырда Әбілқайырдың Ресей патшалығы құрамына енуінен бастау алып, кеңес дәуіріне, яғни Тәуелсіздік алғанға дейін созылады. Тәуелсіздік күнінің өзінің дәрежесі, мәртебесі бар. Желтоқсан оқиғасы тәуелсіздік жолындағы күреске нүкте қоятын оқиға болғаннан кейін ғана ол Тәуелсіздік күнімен байланыстырылады. Мерекелеу дегенде бұл жерде мәселе ұрандатып, концерт қоюда емес қой. Ол тәуелсіздік дәрежесін көтеруге бағытталуы керек. Яғни бұл жердегі мақсат оның құны қаншалықты жоғары екенін көрсету. Әрине, тәуелсіздік үшін күресті Желтоқсан оқиғасымен шектеуге болмайды. Бұл күрес бейбітшілік түрде Тәуелсіздік алғанымызша дейін жалғасты. Мұндағы әңгіме тәуелсіздіктің құндылығы, дәрежесі қалай дауласаңыз да жоғары тұрғандығында. Желтоқсан оқиғасы да 50 жылдан кейін тәуелсіздік үшін күрестің жалпы хронологиясында Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы және 1916 жылғы оқиғалармен қатар аталады. Тәуелсіздік күні Желтоқсан оқиғасының көлеңкесінде қалмас үшін бұл оқиғаны әлі толық зерттеуіміз керек. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында қызмет істеген кезімде академик Манаш Қозыбаев Президент архивіне барып келді де, Ғылыми кеңесте: «Жаңа ғана мен Президент архивінен келдім. Желтоқсан оқиғасына байланысты құжаттардың біразын көрдім. Бұл оқиға туралы шындықты айту үшін кемінде 50 жыл уақыт керек-ау» – деп, күрсінді. Сондықтан әр тарихи оқиғаға белгілі бір тұрғыда баға беру үшін кемінде 50 жыл уақыт керек. Әсіресе қарсылық күреске байланысты оқиғаларға. Тарихта бұл солай. Біз журналист, не саясаттанушы емеспіз, бір ақпаратпен ғана шектеле алмаймыз. Тарихшылар дерекке сүйенеді. Оны объективті түрде жан-жақты қарастыру үшін уақыт керек. Қазақта «елу жылда ел жаңа» деген сөз бар ғой…

Мерекені ұлықтау мәдениеті қалыптаспады

Тәуелсіздік күні арнайы тұжырымдама жасайтын Наурыз мерекесі, не Қазақстан халқы бірлігі күні емес. Бұл ең алдымен тәуелсіз дамумен байланысты оқиға. Екіншіден, оған әлі толық баға берілген жоқ. Толық баға беру үшін уақыт керек. Бізде мейрамдар қалай тойланатынын көріп жүрміз ғой. Жоғары жақта аталады. Сосын БАҚ-та оны көрсету үшін кейбір жерлерде қойылымдар, концерттер көрсетіледі. Негізінде бәрін белгілеп отырған нарық. Нарықтық заманда әркім өзінің тіршілік қамын күйттейді. Қандай мейрам болып жатқанында кейбір адамның шаруасы да жоқ. Өйткені ол мерекені емес, алдымен өзінің, отбасының қамы үшін бір күндік нанын табуға мәжбүр. Аталмын мәселенің бұдан басқа да қыры бар. Кейбір фирмалар жұмысшыларына мереке кезінде де демалыс бермейді. Тіпті, COVID пандемиясы кезінде демалыссыз жұмыс істегендер бар. Өйткені, ол жеке меншік мекеме. Мемлекеттік мекеме қызметкерлері мереке кезінде демалса, ондай мекемелерде демалыс болмайды. Олардың басшылары жұмысшы өз еркімен жұмыс істегісі келді деп, ақталады. Қазір қандай мереке болмасын Ұлыстың Ұлы күні деген атау жиі қолданылып жатады. Ұлыс деген АҚШ-та да, Ресейде де жоқ. Ұлыс деген тек түркі тілдес халықтарда ғана бар. Ұлыс деген өзінің ұлт ретіндегі құндылықтарын бағалайтын, яғни өзінің мемлекеттігін бағалау деген мағынаны береді. Сондықтан, ел болып жиналып, тойлайтын мерекені Ұлыстың Ұлы күні дейді. Ондай мерекенің қатарына Наурыз, Құрбан айт мейрамы жатады. Мемлекеттік тұрғыдан алғанда әрине Тәуелсіздік күні де Ұлыстың Ұлы күніне айналу керек. Өйткені бұл сан ғасырлар бойы ата-бабамыз армандаған күн. Ол жай ғана ресми мемлекеттік шаралармен шектелмей, ұлттық деңгейде аталу керек. Оның өзіндік жолдары болу қажет. Мысалы, біз Наурызды қалай атап өтеміз? Сол секілді Тәуелсіздік күні де ерекше тойлануы тиіс. Бұл заңмен де белгіленген. Өткенде ақпараттық сайттардың бірінен «Енді Республика күні ұлттық мереке, 16-17 желтоқсан ұлттық мереке деп есептелмейді» деген бір материал көрдім. Біз Тәуелсіздік күнін формальды түрде атап өтпей, оны әр адамның санасына жеткізуіміз қажет. Ол бір күндік нәрсе емес. Жыл бойы соған дайындалуымыз керек.

Халық қарсылығының себебі неде?

Қаңтар оқиғасы ұлттық санамыздың әлі толық қалыптаспағанын, мемлекеттігіміз бен тәуелсіздігімізді бағаламайтын халық екенімізді көрсетті. Мемлекеттің құндылығын біз әлі түсінбей жатырмыз. Өйткені тәуелсіздік жолындағы күресті толық түсініп, меңгеріп болған жоқпыз. Менің докторлық диссертациям халық-азаттық қозғалыстары тарихының, яки қарсыластық күрестердің теориялық-методологиялық мәселелеріне арналған болатын. Бұл мәселе толық зерттеліп бітпей жатыр. Бұған тіпті мемлекет тарапынан ешқандай қаражат да бөлінбейді… Кезінде Жаңаөзен оқиғалары болған кезде Алматыдағы «Нұр Отан» партиясының кеңсесіне Астанадан 20 шақты депутат келді. Сонда сіздер қарсыластық күрес дегенді түсінесіздер ме? Ол қандай жағдайда, не үшін болады? Оны болдырмау үшін не істеу керек? – деген сауалдар төңірегінде пікір қозғадым. Сонда олар көптеген сауалдарына жауап алып, осындай мәселелермен айналысатын маман бар екеніне таңқалды. Өйткені, билік пен оның жүргізіп отырған саясатына қарсы наразылық білдірушілермен қалай бітімге келу керек деген мәселеге теориялық тұрғыдан басын қатырып жүрген елімізде әлі күнге дейін бірде бір маман жоқ. Менің бұл тақырыптағы монографиям 2007 жылы орыс тілінде жарық көрді. Егер халық неге көшеге жиі шығып жатыр деген мәселенің тамырына үңілер болсақ оның себептерін көресіз. Оның бірі – халық төлеп жатқан салықтың дұрыс жұмсалмай жатқаны. Тарих бір күнде жасалмайды Тәуелсіздік қантөгіссіз келді деуге болмайды. Ол дұрыс емес. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде де алаңда қаншама қан төгіліп, қаншама отбасы зардап шекті. Мысалы, Ресейдің өзі тәуелсіздік күнін атап өтіп жүр. Кейбіреулер оған күледі. «Кімнен тәуелсіздік алды. Бізден құтылғанын атап өтіп жатыр ма?» деп. Оның барлығы түсінбестік нышаны. Көп адамдар тәуелсіздіктің не екенін және оның қалай келетінін білмейді. Сонда, олардың аталары тәуелсіздік үшін күреспеп пе? Тәуелсіздік ең алдымен ұлттық мемлекеттілік пен билікті орнату жолындағы және әділеттік орнату жолындағы күрес.

Тарих бір күнде жасалмайды

Тәуелсіздік те бір күнде келе қоймайды. Келген күннің өзінде әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдай бір күнде өзгермейді. Біз де кеңестік өмір сүру деңгейімізді бір күнде өзгертіп, басқа деңгейге шыға алмадық. Күрделі экономикалық мәселелер пайда болды. Соның барлығы ушығып кетпес үшін тәуелсіздікті ең соңғы болып жарияладық. Бірақ одан біз ұтылған жоқпыз. Сол кеңестік республикалар арасында алдыңғы қатарлы елге айналдық. 2000 жылдардың басында Қазақстанның экономикалық дамуы жағынан посткеңестік республикалардың ішінде алдыңғы орында болды. Әлемдік дағдарыс пен жаһандану зардаптары болмағанда біз әлі де қарқынды дамитын едік. 2008 жылғы әлемдік дағдарыс біздің жетістіктерімізді тез құрта бастады. Кеңестік экономиканың да бәрі жаман болды деуге болмайды. Шынын айтқанда біз әлі де сол кеңестік кезеңде салынған өндіріс орындарымен өмір сүріп келеміз. Біз тәуелсіздік жариялауда саяси жүйеге байланып қалған жоқпыз. Экономикалық байланыстарды да ойладық. Өйткені, сана бір күнде өзгермейді. Соны түсіндік. Сондықтан 1993 жылғы Конституцияны да 1995 жылы өзгерттік. Оған баруға біз мәжбүр болдық. Еуропа ЕуроОдағын құрып жатты сол кезде. Олар 1992 жылы келісімге қол қойып, 1993 жылдың 1 қарашасында Маастрих келісімі күшіне еңді. Ең дамыған елдер интеграцияға ұмтылып жатқан кезде біз ыдырап жаттық. 2014 жылы Мәскеу гуманитарлық университетіндегі бір конференцияда баяндама жасадым. Сонда оқу орнының ректоры бұл құжаттың бұрын құпиялық белгісі болған еді, қазір ол күшін жойды деп, бізге бір кітапшаны көрсетті. Сол кезде Дүниежүзілік даму банкінің Ресейге несие беру үшін қойған талаптарын оқып берді. Оның біріншісі педагогикалық институттарды жою және дайындалып жатқан педагогикалық мамандарды қысқарту жөнінде екен. Халықаралық қаржы институттарының мұндай талаптары сол жылдары біздің де алдымызға басқа салалар бойынша қойылған болатын. Дағдарыстан шығу үшін оны орындауға мәжбүр болдық. Осындай ашылмаған нәрселер көп. Оның шетін білмей, көрмей жатып кейбір адамдар сол кезде бүйту керек еді, сүйту керек еді деп жатқан кезде қайран қалам. Біз қазір артқа қарайлай бермей, алдағы күнге қам жасап, болашақтың қамын жасауға күш салғанымыз дұрыс. Өйткені жаңа күнде болашақтың белгісі бар.

Дайындаған Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Алматыда дабыл жүйесі іске қосылды

"Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізіліп жатыр. Сабыр сақтап, белсенді қатысуға шақырамыз!" - деп жазылған хабарламада.

Баж салығы мәселесі: Қазақстан мен АҚШ арасында келіссөздер жүріп жатыр

Қазақстан Дональд Трамп енгізген жоғары тарифті бізге қолданбау бойынша АҚШ-пен келіссөз жүргізіп жатыр.

Президент дипломатиялық қызмет ардагері Қабдрахмановты марапаттады

Президент мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахмановты І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

30 лет единства и созидания

XXXIV СЕССИЯ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА, ПОСВЯЩЕННАЯ 30-ЛЕТИЮ УНИКАЛЬНОГО ОБЩЕСТВЕННОГО ИНСТИТУТА, ОЗНАМЕНОВАЛАСЬ ПРОГРАММНЫМ ВЫСТУПЛЕНИЕМ ПРЕЗИДЕНТА СТРАНЫ, В КОТОРОМ ОН НЕ ТОЛЬКО ПОДЫТОЖИЛ ДОСТИЖЕНИЯ АНК, НО И ОТКРОВЕННО ВЫСКАЗАЛСЯ ОБ УГРОЗАХ ВНЕШНЕГО ВМЕШАТЕЛЬСТВА.

ОЙ ЕҢБЕГІ БАҒАЛАНУЫ КЕРЕК

Авторлық қауымдастықтар әбден шектен шықты. Олар тек өз қалталарын ғана ойлайды. Түскен қаржының денін өздері иемденіп, шығармашылық иелерінің еңбегін жеп отыр. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы керек.