12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Азаматтық процестік Кодекс уақыт сұранысына сай бейімделуде

Азаматтық процестік кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қоғамның сұранысынан, құқықтық саланы жетілдіру қажеттілігінен туындаган әрекеттер. Сондықтан жақында ғана Сенаттың мақұлдауынан өткен Азаматтық процестік кодекстен сала мамандарының күтері мол болып отыр.  Бұл құжаттың басты артықшылығы судьяның процестік еркіндігінде болып отыр. Енді судьялар іске қатысты ойын ірікпей айтып, тіпті қажет еткен дәлелдемелерді сұратуына болады. Сондай-ақ судья басы артық рәсімдерден, жүктемелерден арылған. 
Бұрынғы Азаматтық процестік кодекс бойынша судьяның әрбір әрекеті қатаң регламентке бағындырылған болатын. Мәселен екі тарап сотқа келді делік, дау болған соң бірін бірі айыптайды. Айыптауға сәйкес позициясы дұрыс болғанымен, дәлелдемелері жеткіліксіз тарапқа судья көмек бере алмайды. Егер көмек көрсеткен жағдайда екінші тарап «бейтараптық принципін бұзуына» орай айыптайды. Ал, жаңа заң жобасына енгізілетін түзетулерге сай судья екі тарап ұсынбаған дәлелдемелерді сұрату арқылы ақиқатқа жетіп қана қоймай, процесс барысында тараптардың уәждеріне қатысты дауға сай өз пікірін де білдіруге құқылы. Бұл  сот саласы мамандарының көңілінен шыққан, істің ақиқатына жетуге ықпал ететін, осы кодекстің ең үлкен жетістігі деуге болады. Жалпы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар сот жүйесін одан әрі жаңғыртуға және артық сот рәсімдерін қысқартуға септігін тигізгені байқалады. Сондай-ақ заманауи электрондық сервистерді енгізуге, азаматтардың еліміздегі сот жүйесіне деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.
Жаңа заңдағы тағы бір артықшылық тараптарды татуластыруға қатысты болып отыр. Қазір татуластыру рәсімдері сотта да жүргізіледі. Сотқа дейінгі татуласу рәсімі бар, сотқа келгеннен кейін де бітімгер судьяның көмегімен бітімге келуге болады. Ескі заң бойынша ондай судьяларға тараптарды татуластыруға бес-ақ күн уақыт берілетін, ал жаңа заң жобасында судьяға 10 күн уақыт беріледі. Жер дауы, еңбек дауы, мұрагерлікке қатысты қаралған істерде дауды бес-ақ күннің ішінде шешіп алу оңай емес. Тараптар да бес күннің ішінде судья шақырған бітімге келісе қоймайды. Сондықтан, алдағы уақытта мұндай істерге он күн толығымен жеткілікті болады деп ойлаймыз. Жалпы жаңа Азаматтық процестік кодекстегі өзгерістер халық пен соттың арасын біршама жақындатып, саланың халық сеніміне лайық болуын қамтамасыз ете алса мақсаттың орындалғаны.

Кожагулов Ержан Нуржанович, Алматы қаласы Алатау аудандық сотының кеңсе меңгерушісі міндетін атқарушы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

        Сыбайлас жемқорлық ‑ жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк...

Этика судей

Особенность этики судьи в том, что она обязательна к...

Кассациялық сот құру – қоғам талабы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың қыркүйек айында отандық...

ӘСКЕРИ СОТТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ӘЙЕЛ-СУДЬЯ

«Ақын болу – өз еркің, адам болу – міндетің» деген нақыл сөзді «мамандық таңдау – өз еркің, адал болу – міндетің» деп жалғастырар ем!» Бұл еліміздің құрметті доғарыстағы судьясы Тұрсын Әбсағитқызы Мұқышеваның жүрекжарды сөзі. Заң саласындағы қырық жылға жуық еңбек өтілінің 21 жылы сот төрелігін жүргізуге арналған Тұрсын Әбсағитқызы әскери сот саласында қызмет еткен алғашқы қазақ әйелі.

Материалдық залалды өтеуде нені ескеру керек?

Сот тәжірибесін зерделеу, төрелік алаңында таразы басына салынған істерге...