12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Азаматтық процесті жандандыру – қоғам қажеттілігі

Заң қандай жағдайда жаңарады? Біріншіден, қоғам қажет еткен кезде құжатты өзгертіп, толықтуыруға тура келеді. Екіншіден, қолданыста өзін-өзі ақтамаған, уақыттың талабына жауап бере алмаған кезде заң өзгеріске ұшырайды. Сонымен қатар, халықаралық үдерістен кеш қалмау, заңнаманы жетілдіру мақсатында заңды өзгертуге қадам жасалатыны белгілі. Соның ішінде тәуелсіздік алған жылдардан бері ең көп өзгеріс енгізіліп, ең көп толықтыру жасалған заңнаманың бірі Азаматтық процестік кодекс екенін біреу білсе, біреу біле бермеуі мүмкін. Құжаттың бірнеше рет жаңғыртылуына азаматтық даулардың, талап-арыздардың көптігі, соған орай азаматтық қарым-қатынастан туындайтын шиеленістерді әділ, сапалы шешу қажеттілігі түрткі болса керек.

2020 жылдың 4 маусымында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (бұдан әрі – АПК) соттар жұмысына заманауи форматтар ендіру, артық шығындар мен сот процедураларын қысқарту мәселелері бойынша күні өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заңға қол қойы. Жаңа қолданысқа енгізілген өзгерістер азаматтық процесті мейлінше жинақы, артық шығынсыз, созбалаңға салмай, ықшам да сапалы шешуді мақсат етеді. Бұл құжатта бүгінгі күнге дейін талқыға түсіп келген сот отырысына заманауи форматтарды енгізу мәселесі толықтай оң шешілген. Соған сәйкес, енді сот отырысына дыбыс-бейне жазу құрылғыларын заңды түрде алып кіріп, қолдануға болады. Бұл ашық сот процесіндегі жариялықты сақтауға, сот жұмысына деген күмәнді азайтуға кепіл болары анық.

Заңнама судьялардың құзыретін кеңейтіп, әділдіктің салтанат құруына үлес қосуына ықпал ететінін айта кеткеніміз жөн. Өйткені бұрынғы кодекске орай судьялардың тараптар ұсынған дәлелдер мен дәйектер шеңберінен шығуға құқығы жоқ болатын. Ал қазір судья процесті өз қолына алып, мін-жайды анықтау үшін тараптарға қосымша сұрақтар қоюға, қажет құжаттар сұратуға құзыреті бар.

Сонымен қоса, қолданыстағы заңның 13-тарауында тараптарды шақырмай оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібі қарау көзделген. Осы тараудың 145-бабы бойынша соттар талап қою бағасы заңды тұлғалар үшін 700 АЕК, ал дара кəсіпкерлер, азаматтар үшін 200 АЕК аспайтын сомаларды өндіріп алу бойынша істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қарап келген болатын. Жаңа заң осы бапқа өзгеріс енгізіп, талап қою бағасын заңды тұлғалар үшін – 2000 АЕК, дара кəсіпкерлер, азаматтар үшін 1000 АЕК деп ұлғайтты. Осылайша шамамен 30 мыңға жуық істі азайту көзделіп отыр.

Гайде Мезгилбаева,

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...