Азаматтық алудағы жеңілдікті пайдаланушылардың көбі –
ресейліктер

Газетіміздің өткен санында «Азаматтық алуға Ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қарау керек» деген материал жарияланған еді. Онда осы уақытқа дейін азаматтық пен тіл туралы заңдардағы олқылықты пайдаланып, Қазақстанға қажет маман деген желеумен 40 түрлі кәсіп иесінің Қазақстан азаматтығын еш қиындықсыз алып келгенін мәселе етіп көтергенбіз.
Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың атына ресми хат жолдадық. Онда соңғы екі айда Ресей мен Украинадан Қазақстанға келгендердің нақты саны; олардың уақытша тұруға және азаматтық алуға өтініш білдіргендерінің үлесі; жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан азаматтығына қабылдауды пайдаланғандар санына қатысты мәлімет беруін сұрағанбыз.
Біздің сұрауымызға министрліктен: «Ағымдағы жылғы ақпан айында Ресей Федерациясының 45120 азаматы, ал наурыз айында 64 010 азаматы Қазақстанға келген. Сонымен қатар, ақпан айында – 1860, ал наурыз айында 1610 Украина азаматы Қазақстанға келді. 2022 жылдың екі айында жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығына Ресей Федерациясының 113 азаматы (28 – қандастар, келісім бойынша – 73, тұрмыстағы әйелдің азаматтығы туралы Конвенция бойынша – 12) қабылданды, Украина азаматтары қабылданған жоқ. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы 98 Ресей азаматы мен 4 Украина азаматы өтініш білдірді» деген жауап алдық.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биыл қаңтарда елімізге сырттан 1291 адам келген. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде олардың саны – 626 болған еді. Былтырғы алғашқы айда келгендердің көбі Алматы (88), Шымкент (68) қалалары мен Маңғыстау облысын (88) таңдаған еді. Биылғы қаңтарда келгендердің 615-і Маңғыс­тау облысын, 136-сы Шымкент қаласын,117-сі Алматы қаласын таңдапты.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,
«Заң газеті»

Алматыда рұқсатсыз салынған сауда орындарын бұзу басталды

Алматының Түрксіб ауданындағы Қайрат шағынауданында заңсыз салынған сауда орындарын бұзу жұмыстары басталды. Нысандардың жалпы аумағы 56,4 мың шаршы метр болды.

21 қазанда бірқатар өңірде қар жауып, көктайғақ болады

Қазақстанда 21 қазанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде көктайғақ болады. Бірқатар қалада жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

Елімізде қандай мамандар жетіспейді?

Қазақстанда бір маман бойынша 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндеме түскен, ал IT мен медицина саласында кадр тапшылығы бар.

Қазақстандықтардың бюджетіне қандай шығындар көбірек салмақ түсіреді? 

Қазақстандықтар ең көп ақшаны азық-түлікке жұмсайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың екінші тоқсанында халықтың барлық ақшалай шығыстарының 50,5%-ы азық-түлік тауарларын сатып алуға кеткен.

«ОРМАНШЫ МƏРТЕБЕСI» ҚҰҚЫҚТЫҚ ҮЙЛЕСТIРУДI ҚАЖЕТ ЕТЕДI

Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Орман шаруашылығы қызметкерлері күнін осы салада қызмет ететін 17 мыңнан астам маман асыға күтеді. Орман шаруашылығы мамандарының қызметі – бұл орман алқаптарын қорғау, қалпына келтіру, тиімді пайдалану және олардың экологиялық жүйесін сақтауға бағытталған кешенді жұмыс.