АЗАМАТТАРЫМЫЗДЫ ЗАҢСЫЗ КЕЛІМСЕКТЕРДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІНЕН ҚОРҒАЙЫҚ

Алматы 1 станциясындағы Желілік полиция басқармасының қызмет көрсету аумағында  көлік сақшылары  еліміз азаматтарының қауіпсіздігін қорғау және теміржолдағы заңдылық пен тәртіпті сақтау бойынша күнделікті қызмет  атқарады.

Алматы 1 станциясындағы Желілік полиция басқармасының қызмет көрсету аумағында «Заңсыз келуші-2022» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында  көші-қон қызметі қызметкерлері тарапынан 8 азамат анықталып,  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің  517 бабы 3 бөлімі, яғни Қазақстан Республикасында болу мерзімі аяқталғаннан кейін кетуді бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасының 5 азаматы, Тәжікстан және Қырғызстаннан 1 азаматтан анықталды.

Ал Түркия елінің 1 азаматы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517 бабы 4 бөлімі бойынша, Қазақстан Республикасында болуының 10 тәулік кезеңінде кетуден жалтарғаны үшін анықталып, осы факт бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Түркия азаматы Қазақстан Республикасының шегінен шығарылды.

Сондай-ақ, көрші елдердегі жағдайға байланысты, тұрақты түрде Алматы 1 және Алматы 2 станциялары, басқарма  қызмет көрсету аумағында орналасқан теміржол ұйымдары Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 392, 394, 395 баптары  бойынша анықтауға арнайы тексеріліп, пысықталды, яғни, Қазақстан Республикасының шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бұзу, сондай-ақ шығарып салу туралы сот шешімдерін орындамаған азаматтар бойынша.

Қызметтегі қырағылық, адалдық және жауапкершілік заңдылық пен азаматтардың қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.

Алматы 1 ст. ЖПБ

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...