АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТЫН АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ

«Заң мен тәртіп» жобасы бүкіл Қазақстан аумағы бойынша жүзеге асырылып жатқан шара. Құқық қорғау саласында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс көп. Ақмола облысы да мемлекеттік маңызы бар, қоғамның қауіпсіздік мәселесіне бір кісідей атсалысып жүр. Ақмола облысының аумағын қамтитын елді мекендердің қауіпсіздігі мен азаматтар құқықтарының қорғалуы алдыңғы кезектегі атқарылып жатқан міндеттер.

Алайда бұл аймақ тұрғындары да республиканың өзге өңірлердегі азаматтар секілді интернет алаяқтарға, қаржы пирамидаларына көп алданады. Осы ретте Көкшетау қаласының полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға интернет құрылғыларын қолданғанда аса сақ болу қажеттігін, телефон қоңыраулары арқылы ешкімге арнайы кодтарды хабарламауын, таныс емес адамның өтінішімен өз есепшоттарынан аударымдар жасамауын өтінді. Полиция қызметкерлері алаяқтық бойынша бірнеше фактіні бізге мысалға келтірді. Алаяқтар Көкшетау қаласының екі тұрғынын пәтер мәселесі бойынша алдап, онлайн төлемдер жасатып ақшасын үптеп кеткен. Көкшетау қаласының тағы бір тұрғыны Бурабай курорттық кентінде пәтер жалдамақ болғанда да осындай алаяқтыққа тап болған. Пәтер қожайынымын деп өзін таныстырған адам телефон арқылы көкшетаулық келіншекке жалдау ақысын аудартып алып, ізін жасырған. Көкшетау қаласының полиция қызметкерлері қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде Теміртау қаласының тұрғынын анықтады. Бұдан бөлек, құжаттарды рәсімдеуге қатысты да көптеген алаяқтық әрекеттерді байқауға болады. Полиция қызметі бұл мәселеде де өте сақ әрі жан-жақты сауатты болуды тұрғындарға үнемі ескертеді. Бұл мәселеге қатысты полиция қызметі мына деректі ұсынды. Қосшылық бір тұрғын пәтерді рәсімдеу үшін өзінің танысына 850 мың теңге көлемінде ақша береді. Алайда, алаяқ не қаражатты қайтармай, не пәтерді рәсімдемей жоқ болады. Қазір бұл деректер негізінде полиция бөлімшесінде тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Осы сипатты оқиғаларға қатысты басқа да жәбірленушілер анықталуда. Сонымен қатар, тағы бір азамат полицияға алаяқтардың құрбаны болғанын айтып шағымданған. Жәбірленушінің айғақтары бойынша ер адам оған автокөлік шиналарын сатып алу және сату арқылы ақша табуды ұсынады, ол үшін жәбірленушіден оған 3 млн 400 мың теңге сомасында ақша беруін сұраған. Кейінірек жәбірленушімен телефон арқылы сөйлескенде, ер адам ақша оның қолында екенін және алғашқы мүмкіндікте ол қарызды қайтаратынын айтқан. Алайда, осыдан кейін ол келмеген және қайта қоңырау шалмаған, уақыт өте келе ол өтініш берушінің қоңырауларына сирек жауап беретін болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ол тұлға анықталды, одан әрі тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Полиция департаменті Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының тұрғындарын қырағы және мұқият болуға, бейтаныс азаматтарға жеке қаражаттарын бермеуге шақырады. Президенттің «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы қазіргі таңда мемлекет шеңберінде толыққанды, жан-жақты жүзеге асуда. Мемлекеттің қауіпсіздігі шағын ортаның қауіпсіздігінен басталады. Осы ретте, құқық қорғау қызметі елдегі қылмыстық ахуал мен өңірдегі тәртіп мәселесіне үнемі рейтинг, мониторинг жасап отырады. «Қауіпсіз ел – мемлекет қауіпсіздігінің басты кепілі». Бұл жобаның ерекше басымдық беретін бөлігінің бірі елдегі нашақорлық пен есірткі тасымалы, қолданысы мен таратылуына қарсы кешенді күрес. Көкшетаулық полицейлер осы ретте, жақында осындай бір қылмыстың жолын кесті. Елордалық тасымалдаушы курьер отырған автокөлікті жедел уәкілдер облыс орталығының аумағына кірген кезде ұстады. Тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері тыйым салынған заттар бар 148 орамды анықтап, тәркіледі. Тәркіленген есірткінің нақты салмағы сот-химиялық сараптамадан кейін анықталады. Осы жерде жедел уәкілдер 2 ұялы телефонды тәркіледі. Олардың көмегімен елордалық өзінің қылмыстық қызметін жүзеге асырған, атап айтқанда куратормен хат алмаса отырып белгі қойылған жерлерді суретке түсірген. Анықталғандай, есірткі тасушы шамамен үш ай бұрын жұмысқа орналасқан, ол елордада тыйым салынған заттарды сатып алып, содан кейін оларды тарату үшін Көкшетауға келген кезде ұсталды. Күдікті синтетикалық есірткілер орамдарын жасыру үшін 3в1 ерігіш кофенің пакеттеріне жасырған және сол брендтің кофе қораптарында тасымалдаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойғанда осы мәселеге ерекше тоқталған-ды. Елдегі құқықтық жүйе­­нің алдағы уақыттағы күресі заң медицина қызметкерлерін құқықтық және қаржылық тұрғыдан қорғау жүйесін енгізуге және олардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ, жастар арасында құрамында никотині бар заттардың таралуының алдын алу және оған қарсы күресу үшін жүйелі шаралар қабылдауға бағытталуы қажеттігі айтылған. «Әсіресе, біз мынадай бес кеселмен бүкіл ел болып күресіп, біржола тосқауыл қоюымыз керек. Алдымен, есірткі саудасы, соның ішінде синтетикалық есірткі айналымы. Өкінішке қарай, бұл індет жаппай белең алып барады. Тек былтырдың өзінде есірткіге қатысты 7,5 мыңнан астам қылмыс анықталды. Заңсыз айналымнан 41 тонна есірткі алынды. Нашақорлық, әсіресе, балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Қазір есірткі сатқан қылмыскер қатаң жазаға тартылады. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет. Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырамын», – деген болатын. Осы ретте, Көкшетау қаласының полиция басқармасы жергілікті тұрғындарға, оның ішінде жастарға, мектеп жасындағы жасөспірімдерге арнайы құқықтық түсіндіру, қылмыстың алдын алу, есірткінің зияны мен қоғамға төндіретін қаупі жайында арнайы дәрістер өткізуде. Қазіргі таңда аймақ бойынша «Жастар есірткіге қарсы», «Қауіпсіз ел», «Заң мен тәртіп» бастамасы қолға алынған.

Ж.ҚҰРМАНБАЙ

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖАҒЫНАН КӨШ БАСТАДЫ

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әлеуметтік қолдау көрсету бойынша...

Социальная поддержка в Казахстане: региональный лидер в Центральной Азии

Казахстан занимает ведущие позиции среди стран Центральной Азии по...

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...