Азамат Зенкаев Ерке Есмаханмен бірге тұратынын айтты

91 тобының бұрынғы мүшесі Азамат Зенкаев бағдарламада Ерке Есмаханға ескерту айтты. Қос әнші әріптестері мен көрерменнің көзінше сезімдерін мойындады.

Бұл туралы «Маска» бағдарламасында айтылды.

Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев көпшіліктің көзінше сезімдерін мойындады. Ел аузында екі әншінің кездесіп жүргені көптеп айтылып келді. Аталған бағдарламада осы әңгіменің нүктесі қойылды.

Азамат Зенкаев бағдарламаның қатысушысы болды. Ерке Есмахан әділқазы алқасында отырды. Алайда аю маскасының ішінде кім екенін таба алмады. Маска шешілген сәт, біраз адам үшін тосын сәт еді.

Әділқазы алқасы масканың ішіндегі кім екенін таба алмады. Актер не театр әртісі деп топшылады. Алайда бұл дұрыс болмай шықты.

«Егер қасымда жүрген Ерке Есмахан мені танымаса, басқалар мүлде танымайды ғой. Осында келген себебім, қабырғама бір-екі ауыз сөзім бар еді. Ерке, қазір сағат 10:30 болды. Сағат 11-де үйде бол», — деді Азамат.

«Нағыз Азамат екенсің. Сен екеніңді тіпті білмедік. Мүлде таба алмадық. Мүлде бірдірмедің», — деді Әділқазы алқасындағы Жанар Айжанова.

Ерке Есмахан өзінің Азаматты не себепті танымай қалғанын айтып ақталды.

«Азамат ең керемет, ең талантты, ең әдемі әнші. Менің сені танымай қалғаным үшін ренжімеші. Сені «Дос-Мұқасанның» әнін айтады деп ойламадым», — деп ақталды Ерке.

Меңдібай аға 600 шақырымдық межеден өтті: Балқаш «Құрылтайға жол» эстафетасын қабылдады

«Құрылтайға жол» ультрамарафоны жаңа межеге жетті. Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кері әсерін тигізетін,...

Еркіндік пен әдепсіздіктің шекарасынан өтіп кетпейік

Достар, мен бүгін маңызды мәселе көтергім келіп отыр. Ол...

Қазақстан орман-климаттық жобаларға инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады

Астанада Париж келісімі аясында Қазақстанда көміртегі жобаларын дамытуға арналған...

Соттың белсенді рөлі – әділ сот төрелігінің негізі

Құқықтық мемлекет қалыптастыруда сот жүйесінің алатын орны ерекше. Себебі...