12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақ жігіттерінің құны «100 теңге» — Айгүл Орынбек

Қазақстандық заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек тұрақта төбелескендер жайлы өз ойын айтты. Бұл бір ғана қазақ емес, қазіргі қазақ жігіттерінің трагедиясы деп атады.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгінгі видеоны биліктегі ағалар көрсін! Қазақ жігіттерінің құнын осылай жүз сомға түсірген! Тепсе темір үзетін жігіттер осылай парковкаларды күзетіп, ақша төлемей чек сұрасаң қарғап сілеп, өзіңмен ұрысып кетеді. Ол бәріміздің басымыздан өткен, «100 теңгеге қадалып өл машинаңмен» дегенді естігенмін!

Бұл біздің ер азаматтардың бейшаралық деңгейге дейін түскендігінің айқын көрінісі! Көпке топырақ шашпаймын, бәрі демеймін, бірақ қазақтың ер азаматтары қатты майдаланып кетті. Видеоны көріп намыстандым, тіпті жылағым келді. Бір нәрсе жазсаңызшы дейді, не жазамын айтыңдаршы? Қазақтың жерін 100 теңгеге жалға беріп жүргендер өз өздерін қорғай алмапты деп жазайын ба?

Ол жер мемлекеттікі, яғни әкімдікке қарасты жер! Оны жалға беріп отырған, олардан ақша жинатып отырған да әкімдік, солай емес пе?

Өз құндарыңды біліңдерші қазақ жігіттері! Намыс қайда?», – деп жазды Айгүл Орынбек.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыдағы «Алтын Орда» базарының көлік тұрағында болған төбелес желіні шулатқан болатын.

Ал басынан соққы алып ауруханаға түскен автотұрақ қызметкерінің жағдайы әзірге белгісіз. Өзін жәбірленушімен деп құзырлы органдарға арыз түсірген көлік жүргізушісі кикілжіңді бірінші бастағанын мойындайды. Алайда азамат төбелеске өзін және отбасын қорғау үшін барғанын айтады. Азаматтар арасындағы жанжалды ұлтараздық қақтығыспен байланыстырмауды сұрайды.

Даулы мәселені полиция тергеп жатыр.

Колонию Астаны посетила представитель Уполномоченного по правам человека

С ознакомительным визитом колонию-поселения посетила представитель Уполномоченного по правам...

ТҰТЫНУ ТАУАРЛАРЫ ҚАТАРЫНДА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІСІНІҢ ҮЛЕСІ АРТТЫ

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, жан басына шаққандағы жылдық жұмыртқа...

ДӘРІГЕРЛЕР ЕРЛЕДІ

Биыл көктем елімізге жайлы болмады. Дегенмен, осынау қиын кезде...

ӨҢІРДЕ ӨНІМДІ ІС КӨП

Ақмола облысында инвестицияларды тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру...