12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақ тілінің қолдану аясы кеңіп келеді

Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында  Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі деп бекітілген. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 4 — бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып бекітілді.
Тәуелсіздік алғалы қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мақсатында мемлекет тарапынан нормативтік-құқықтық актілер, оны кешенді іске асыруға бағытталған бағдарламалар қабылданып, түрлі іс-шаралар атқарылуда. Ол  мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, тіл мәдинетін одан әрі арттыру үшін жасалған қадамдар екені шүбәсіз.
Қолданыстағы мұндай құжаттардың бірі —  2019 жылғы 31 желтоқсанда бекітілген Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарламаның мақсаты қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, жаңа латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады.
Нәтижесінде қазақ тілінің ұлттық, мемлекеттік және этносаралық коммуникация тілі ретінде толыққанды қолданылуын қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі жүзеге асырылады деп күтілуде.
Ал енді қазақ тілінің сот жүйесіндегі ахуалына келетін болсақ, сотта қазақ тілінде қаралатын істердің саны әлі де болса, төмен деңгейде қалып отырғаны жасырын емес. Мысалы, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап бүгінгі күнге дейін сотқа мемлекеттік тілде түскен әкімшілік талаптардың көрсеткіші 14 пайызды құрап отыр.
Әрине, сот билігі — биліктің бір тармағы ретінде мемлекеттік тілдің дамытуға мүдделі. Дегенмен, процестік заңнама талаптарына сәйкес сот ісін жүргізу тілі, талап қою берілген тілде іске асырылады.
Сот саласында сот ісін жүргізу тілінің тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14-бабында нақты көрсетілген.
Сондай –ақ сот практикасынан көрінгендей, азаматтық іс бойынша құқықтық көмек беретін адвокаттар мен  заңгерлер талап арыздарды көбіне орыс тілінде дайындайды. Сотқа келген азамат сот процесі кезінде орыс тілінде ойын еркін жеткізе алмай жататыны кездері болады. АПК-нің 14-бабы 2-бөлігінде егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындау барысында талап қоюшының өз өкілі талап қою арызы (арыз) берген тілді білмейтіні анықталса, онда сот талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады деп көрсетілген. Заңның бұл талабы талап қоюшыға түсіндірілсе де, көп жағдайда азаматтар өздерінің бұл құқықтарын қолданбайды. Сондықтан, кәсіби құқықтық көмек көрсетуші азаматтарға сотқа берілетін арызды талап қоюшының өзі жетік меңгерген тілде әзірлесе деген тілек бар. Себебі жоғарыда атап өткендей, арыз берілген тілде істі қарау соттың міндеті болып табылады.
Бұдан өзге, әкімшілік сотында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге арналған шаралар іске асырылуда: осы жылдың ақпан айында сотқа талап түсіретін заңгерлер мен адвокаттар, әділет органдарымен бірлесе отырып шаралар ұйымдастырылып, сотқа талаптың мемлекеттік тілде берілуіне аса мән беру қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, кәсіпорындарда, орта және жоғары оқу орындарды дәрістер оқылып, мемлекеттік тіл туралы заңнама талаптары түсіндіріледі.
Мемлекеттік тілді меңгеру — әр қазақстандықтың парызы. Өзге тілді жетік білсек те, ана тілімізге деген құрметіміз әрқашан жоғары болуы тиіс.

А.Абилгазина,

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...