Қазақстанның оңтүстігінде электр энергиясының ажыратылуы туралы

Бүгін, сағат 11:59-да Алматы қаласы мен Алматы энергия торабы осы өңірді біртұтас энергия жүйесінің солтүстік және оңтүстік бөліктерімен байланыстыратын жоғары вольтты электр жеткізу желілерінің авариялық ажырауы салдарынан оқшауланған жұмыс істеу режиміне ауысты. Оқиға себептері анықталуда.

Орын алған жайтқа байланысты «Самұрық-Энерго» АҚ «АлЭС» АҚ және Мойнақ ГЭС электр станциялары тарапынан жүктеме сақталып отырғанын және қазіргі уақытта Жүйелік оператордың командалары бойынша қуатты ұлғайтып жатқанын хабарлайды.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Солтүстік энергия көздері саналатын — Екібастұз ГРЭС нысандары берілген жүктемені еш кедергісіз атқаруда. Екібастұз МАЭС-1-де 6 энергоблок жұмыс істеуде, ағымдағы жүктемесі 2930 МВт, Екібастұз МАЭС-2-де екі энергоблок та жұмыс істеп тұр, жүктемесі 950 МВт.

«Шардара ГЭС» АҚ сыртқы байланыс желілерінің ажырауы салдарынан жүктемені 30 МВт-тан 0 МВт-қа дейін төмендетті.

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі аса ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ су электр станциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. бар.

____________________________________________

«Самұрық-Энерго» АҚ Баспасөз қызметі

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...

Экспертное заключение

«ADALDYQ CUP» — эффективный инструмент трансформации государственной службы Качество современного...

Эксперттік қорытынды

«ADALDYQ CUP» — мемлекеттік қызметті трансформациялаудың тиімді құралы Бүгінгі мемлекеттік...

Нет коррупции!

Коррупция остаётся одной из наиболее актуальных проблем современного общества,...

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп, азаматтардың...