12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанның кейбір өңірінде бензин қымбаттайды

Қазақстанның кейбір өңірінде бензин бағасы қымбаттайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Энергетика министрлігі бағаны мемлекеттік реттеуге жататын мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасына өзгерістер енгізетін бұйрық жобасын дайындады.

Осылайша, АИ-92 және АИ-93 бензиніне шекті баға белгілеу жоспарлануда:

— Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – литріне 187 теңге;

— Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу облыстарында , Ұлытауда – литрі 182 теңге.

Қазір еліміздің барлық өңірлерінде аталған маркадағы бензиннің шекті бағасы 182 теңге болып белгіленген.

Энергетика министрлігі түсіндіргендей, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары үшін АИ-92 және АИ-93 маркалы бензиннің литріне бағаны 5 теңгеге көтеру ұсынылып отыр, себебі ол жерде операциялық (логистикалық) шығындар деңгейі жоғары. Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда мұнай өнімдерін өндіруші зауыттардан бөлшек сауда орындарының қашықтығымен байланысты.

Мұндай бағалар 180 күнтізбелік күнге белгіленеді деп жоспарлануда.

Дизель отынының бағасы (жазғы, маусымаралық) өзгеріссіз қалады, жаңа бағыттар қосылды:

— Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында литріне 260 теңге;

— Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында литрі 230 теңгеден.

Бұл ретте АИ-95 маркалы бензинді 180 күнге мемлекеттік баға реттеуі белгіленген мұнай өнімдерінің тізбесінен оның Қазақстанда өндірілетін автобензиннің жалпы пулындағы үлес салмағына сәйкес келмейтіндігіне байланысты алып тастау ұсынылады.

61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін...

Олжас Бектенов обсудил с экспертами вопросы развития экономики 

📍 Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел встречу с экспертами экономического...

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады 

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

Мемлекеттік тілге құрмет — елге құрмет

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда...