Қазақстанның кедейлік деңгейі жоғары аймақтары аталды

2021 жылы кедейліктің ең жоғары деңгейі еліміздің екі облысында – Түркістан және Маңғыстау облыстарында тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2021 жылы 5,2%-ды құрады (2020 жылы – 5,3%). Ұлттық статистика бюросы

2021 жылы өңірлер бойынша кедейлік деңгейінің ең жоғары көрсеткіші Түркістан (9,8%) және Маңғыстау (8,6%) облыстарында, ең төменгісі Нұр-Сұлтан қаласында (2,2%) тіркелді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қала мен ауыл тұрғындарының табысы бойынша айтарлықтай дифференциация сақталған.

Мысалы, қалада табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 3,8%, ал ауылдық жерлерде 7,2% құрады. 2021 жылы қала мен ауылдағы кедейлік деңгейі арасындағы ең үлкен айырмашылық Атырау (9,1 есе) және Маңғыстау (4,3 есе) облыстарында байқалды.

Кедейлік деңгейі тұтынуға пайдаланатын табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың жалпы халық санына пайыздық қатынасымен анықталады. Қазақстанда 2021 жылға орташа жан басына шаққандағы өмір сүру минимумы 37 266 теңге болды. Бұл ретте әр облыс өзінің ең төменгі күнкөріс деңгейін есептейді. ҚР БНС ASPiR еңбек статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова

 Родом из бүркітші

ДЕНЬ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ КАЖДОГО ИЗ НАС АССОЦИИРУЕТСЯ С ПРАЗДНИКОМ,...

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

Интеллектуальная собственность и ее защита 

Вопросы регулирования в сфере интеллектуальной собственности: как решать их,...