12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Төлеубек Аралбай дүниеден өтті

Театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Төлеубек Аралбай 72 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы театрдың баспасөз қызметі естіртті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

«Қазақ өнері мен мәдениеті ауыр қазаға ұшырады. 72 жасқа қараған шағында театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Төлеубек Мұхамеджанұлы Аралбай дүние салды», — деп жазды театр баспасөз қызметінің өкілдері. 

Төлеубек Аралбай 1950 жылы 18 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Өнерге құштар ол бала кезінен-ақ қаладағы Пионерлер Сарайының драма үйірмесіне қатысты. Оның өнердегі ең алғашқы ұстазы атақты режиссер И.Вишневский болды. 1964-1966 жылдары Семей облыстық музыкалық драма театры жанындағы студияны оқып бітірген соң театрдың қазақ тобына қабылданып, алғашқы рөлдерін орындады.

1970-1973 жылдары әскери борышын өтеген соң Қазақ Мемлекеттік Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы екі жылдық студияға оқуға түсіп, белгілі сахнагер Райымбек Сейтметовтің класынан 1975 жылы бітіріп шығады да, Көркемдік кеңестің шешімімен қарашаңырақ театрдың актерлік тобына қабылданады. Театр спектакльдеріне студияда оқып жүргенде-ақ қатысқан оның алғашқы ролі Оралхан Бөкеевтің «Құлыным менің» драмасындағы Жігіт еді. Содан бері өткен қырық екі жыл ішінде ол сахнаның үлкен шеберіне айналды.

Шығармашылық қуаты мол, диапазоны кең актердің театрдағы трагедиялық рольдері: Софоклдың «Эдип патшасындағы» Эдип, Шекспирдің «Юлий Цезаріндегі Октавий, «Кориоланындағы» Кориолан, «Гамлетінде» Клавдий, Чеховтың «Сүйікті менің ағатайымда» Серебряков, Бөкейдің «Қар қызында» — Сиыршы шал; комедиялық рольдері: Әуезовтің «Айман-Шолпан» комедиясының екі қойылымында да Маман, Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісіндегі» Тілші жігіт, И.Саввин, Ж.Тәшеновтің «Көшеде жүрген пақырды, әкім бол деп шақырдысындағы» Нұртаза, У.Гаджибековтің «Аршын-мал аланындағы» Сұлтанбек; Б. Брехтің «Пері қатынында» Полковник.

Сонымен қатар, «Аждаһа жылы», «Шоқан Уәлиханов», «Азиат», «Қызжылаған», «Шегіртке», «Көшпенділер», «Рекэтир», «Періште», «Мұстафа Шоқай», «Астана – любовь моя», «Жаужүрек мың бала», «Жоюшы», «Ликвидатор» және басқа фильмдерде негізгі рольдерде ойнаған.

2 наурызда Мемлекеттік күзет қызметіне үміткерлерді іріктеу басталады

2 наурызда барлық аймақтардағы жергілікті әскери атқару органдарында Қазақстан...

Татуласу рәсімдерінің құқықтық негіздері және оларды жүргізу тәртібі

Бүгінгі таңда соттарда қолданылатын медиацияның мақсаты дауды (жанжалды) шешудің...

Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет

Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндеттіміз....

В РУСЛЕ ЗАЩИТЫ ПРАВ И СВОБОД

Обсуждение проекта новой Конституции в январе-феврале 2026 года стало...

НА ПРИНЦИПАХ ТРАНСПАРЕНТНОСТИ И ИНКЛЮЗИВНОСТИ

Деятельность Комиссии по конституционной реформе демонстрирует системный и научно...