Қазақстанның қай өңірінде тағы қар жауады?

Қазақстанның бес облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 наурызға ескерту жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК орталығына сілтеме жасап. 

Дауыл туралы ескерту мына өңірлерде жарияланды:

  • Қостанай облысында. Мұнда кей жерлерде тұман түсіп, боран соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.
  • Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Батыстан соғатын желдің жалдамдығы күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.
  • Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, қар жауады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Өскемен мен Семейде желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.
  • Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.
  • Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Бұған дейін «Қазгидромет» синоптиктері наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтқан еді.

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...