12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстаннан Түркияға ұшатын әуе рейстерінің саны аптасына 124-ке жетеді

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуерейстерінің саны 13 мамырдан бастап 124-ке дейін екі есеге артады, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Анкарада өткен президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Ердоғанның кездесуі барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Бүгінде әуе қатынастары бойынша Үкіметаралық келісім негізінде елдер арасындағы тұрақты рейстердің жиілігі бойынша аптасына 61 жолаушылар рейсі орындалады. Енді 13 мамырдан бастап ұшу саны аптасына 63 рейске артпақ. Сәйкесінше, елдер арасындағы апта сайынғы рейс саны 124-ке дейін өсетін болады.

«Биыл 13 мамырынан бастап Анталия және Бодрум бағыттарында қатынайтын Air Astana, SCAT, Turkish Airlines әуе компанияларының рейс саны біртіндеп артатын болады. Қосымша рейстер Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Орал, Шымкент және Өскемен арқылы іске асырылады», – деді Қайырбек Өскенбаев.

SCAT Анталияға аптасына 29 жаңа рейсті Нұр-Сұлтан (аптасына 7 рейс), Алматы (6), Ақтөбе (3), Атырау (3), Шымкент (2), Қарағанды (2), Орал (2), Қостанай (2), Ақтау (1), Өскемен (1) қалаларынан жүзеге асырады. Ал Air Astana Нұр-Сұлтан және Алматыдан Анталия (7 рейстен) мен Бодрумға (2 рейстен) аптасына 18 рейс жасамақ. 

Turkish Airlines Анталияға аптасына 16 рейсті Нұр-Сұлтан (5 рейстен), Алматы (4) және Қарағандыдан (3) және Бодрумға Нұр-Сұлтан (2 рейстен) мен Алматыдан (2) орындайды.

Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, 2022 жылғы мамырда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мемлекеттер арасындағы әуе тасымалын одан әрмен арттыру мен ұшу географиясын кеңейту бойынша екі елдің әуе билігі өкілдерінің келіссөз жүргізу ұсынған. Бастама қолдау тауып, келіссөздер осы жылдың шілдесінде Ыстамбұл қаласында өтеді.

Еске салайық, COVID-19 пандемиясына дейін Қазақстан мен Түркия арасында аптасына 65 әуе тасымалы жүзеге асырылған.

В области Абай проводятся исследования уровня психологической адаптации вновь прибывших осуждённых

В области Абай психологи учреждения максимальной безопасности проводят исследования,...

Рашида Кадырова: «Главное – преданность избранному делу»

В сфере высоких технологий, где доминируют мужчины, роль женщин...

Ауыл шаруашылығындағы мамандарға мемлекеттен қандай қолдау көрсетіледі?

Баршаңыз білесіздер, Мемлекет басшысының жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар...

Шаруалардың егісі тарылса да өнімі мол шықты

Бүгінде ауыл шаруашылығы саласы экономикалық өсімнің нақты драйверіне айналып...

Агросаладағы түйіткіл: Жастар ауылға барудан неге қашады?

Ауылдық жерлерге жас мамандарды тарту мәселесі жыл өткен сайын...