Қазақстандық жүргізушілер жол ережесін бұзғаны үшін 18 миллиард теңге айыппұл төледі

2020 жылы қазақстандықтар жол ережесін бұзғаны үшін 18 миллиард теңге айыппұл төледі. Бұл туралы ІІМ хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Садановтың айтуынша, еліміз бойынша жол қозғалысы ережебұзушылықтарын тіркейтін 12,8 мың камера орнатылған. Камера көмегімен 2,6 миллион жол тәртібін бұзу дерегі анықталды.

«Мемлекет бюджетіне айыппұл түрінде 18 миллиард теңге түсті», — деді Саданов 2020 жылғы мәліметтерді жариялап.

Оның айтуынша, қазір жол қозғалысы ережелерін бұзудың үштен бір бөлігі камера көмегімен анықталады. Елордада бұл көрсеткіш 60 пайыз.

Айта кетейік, 13 ақпаннан бастап қазақстандықтарды жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжатын алып жүруден босататын заң жобасы күшіне енеді. Жүргізушінің жанында тек жеке куәлігі болуы қажет.

Бұған дейін Қазақстанда жүргізуші құжаттарының бірі жоқ болса ескерту немесе 5 АЕК (13 225 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылатын. 13 ақпаннан бастап айыппұл салынбайды.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...