Қазақстандық вакцина салдырғаннан кейін антидене қанша уақыт сақталады?

Мамандар қазақстандық вакцина салдырғаннан кейін антидене қанша уақытқа сақталуы мүмкін екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР БҒМ биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарьяның айтуынша, нақты жауапты клиникалық зерттеудің үшінші фазасы аяқталғаннан кейін айтуға болады.

«Спутник-V» екі жыл иммундық жауапты қалыптастыруы үшін оны екі жыл бойы тексеру керек. Бүгінде бір жылдан бері зерттеу жүріп жатыр. Сондықтан «Спутник-V» вакцинасында антидене нақты қанша уақытқа жететінін айту қиын. Ал қазақстандық вакцина туралы толық ақпаратты клиникалық зерттеудің үшінші фазасы аяқталғаннан кейін айта аламыз. Дегенмен ең басында ғалымдардың өзі вакцина салдырған уақыттан бері тоғыз ай өтті. Сол уақыт аралығында иммундық жауап жоғары болып тұр«, — деді ол ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Айта кетейік, қазақстандық вакцинаны клиникалық сынақтан өткізудің үшінші фазасы ертең, 15 сәуірде аяқталады деп жоспарланып отыр.

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...