Қазақстандықтардың төлқұжатында жүрген чип не үшін керегі белгілі болды

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардың төлқұжатында неге электрон чип жүргенін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram-да чиптелген төлқұжаттың видеосы тараған еді. Соған байланысты көші-қон қызметі түсінік берді. 

«Электрон төлқұжат әлемнің көп елінде енгізілген. Қазақстанда микросхемасы бар төлқұжаттар, сондай-ақ жеке куәліктер 2009 жылдан бастап шығарылады. Чип адам туралы жеке деректерді сақтауға арналады және жеке тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік береді», — деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

Ішкі істер министрлігі чипі бар төлқұжат электродты жүйелер арқылы басқа елдердегі шекара өткізу пункттерінен және паспорттық-визалық бақылаудан жеңіл өту үшін енгізілгенін айтты.

«Төлқұжаттардағы чиптер шекарадан өткен кезде тек арнайы оқу құрылғыларымен өзара әрекеттеседі», — деп толықтырды департамент өкілдері.

Еске салайық, Қазнет қолданушылары чиптелген төлқұжатты талқылаған болатын. Видео кейіпкерлері төлқұжатты ашып, ішінен чипке ұқсас құрылғыны табады. Авторлар бұл микросхема шетелде жүрген қазақстандықтарды бақылауға арналғанын айтады.

С учетом факторов риска

На заседании межведомственной комиссии при акимате Алматинской области по...

Импульс для развития туризма 

В международной повестке нашей страны все чаще звучат вопросы...

Цифровые решения в здравоохранении 

ИЗВЕСТНО, ЧТО В НАШЕЙ СТРАНЕ В РАМКАХ ИСПОЛНЕНИЯ ПОРУЧЕНИЙ...

Господдержка как драйвер развития 

Казахстанская отрасль железнодорожного машиностроения переживает период стремительного подъема. На...

Живая связь поколений

Что такое патриотизм для казахстанцев? Это не абстрактное чувство,...