Қазақстандықтар зейнетақы жинағын неге жұмсағысы келеді?

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Бірінші күннің соңында қазақстандықтардың зейнетақысын неге жұмсағысы келетіні белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдын ала мәліметті «Отбасы банк» басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов берді.

Оның айтуынша, зейнетақы жинақтарын алу үшін арнайы шот ашу қажет. Мұндай шотты 65 000-нан аса адам ашқан. Осы уақытқа дейін 10 мыңнан аса қазақстандық жинағын пайдалануға шешім қабылдап, өтінім берген. Оның ішінде:

50 пайызы — банктегі несиесін жапқысы келеді;
17 пайызы — несиесіз баспана сатып алғысы келеді;
15 пайызы — жинақтарын туыстарына беруге ниетті;
10 пайызы — «Отбасы банкінен» несие алғысы келеді»;
5 пайызы — басқа банктерден несие алуға ниетті;
2 пайызы — ақшаны құрылысқа жұмсағысы келеді;
1 пайызы — басқа мақсаттар үшін жұмсағысы келеді.

«Е-қызмет» – мемлекеттік қызметке кірудің жаңа мүмкіндігі

Мемлекеттік қызметке орналасу енді бұрынғыдан да ыңғайлы әрі ашық...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...

Халық сенімін ақтайтын қызметкер болуымыз қажет

       Ең бастысы әр қызметкер өзінің қарапайымдылығын алға ұстап,...

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...