Қазақстандықтар жалған немесе жоғалған құжаттарды, жеке мәліметтерді пайдаланып азамттардың аттарына несие алатын алаяқтардың құрбанына айналауда. Осы орайда қазақстандықтар өз аттарында несие бар-жоғын қалай анықтай алады? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме беріп хабарлайды.
Микронесиенің танымал түрлерінің бірі – қысқа мерзімді микронесиелер, оларды микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) онлайн режимінде береді. Демек бұл адамның жеке деректері алаяқтар пайдаланатын интернетке таралып кетуі мүмкін дегенді білдіреді.
Алаяқтар мынадай тәсілдерді де пайдаланады:
- SIM-карталарды иесінің келісімінсіз қайта шығару;
- Банкинг арқылы қашықтан ақшаны ұрлау үшін SMS-хабарламалардың бағытын өзгерту, өздеріне жіберту;
- Телефон нөмірін бұрмалау бағдарламаларын пайдалану (бұл оларға басқа адамдардың нөмірлерімен жасырынуға көмек береді).
Қазақстан азаматы микрокредитті заңсыз ресімдеу туралы полицияға арызданған жағдайда микроқаржы ұйымы жалған микрокредит бойынша сыйақыны есептеуді күнтізбелік үш күн ішінде тоқтата тұруға және клиентке талап қою жұмысын тоқтатуға міндетті.
Басқа біреудің несиесі сіздің атыңызда тұрғанын тексеру үшін қарызының бар-жоғын Мемлекеттік несие бюросының ресми сайтында өздері туралы несиелік есепті сұрату жасау керек.
Айта кетейік, 2021 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚРҚА) онлайн шағын несиелерді беру кезінде қарыз алушыларды анықтау тәртібін қатайтты. Енді онлайн микронесие беру үшін МҚҰ клиентті үш жолдың бірімен жеке деректерін сәйкестендіруі керек:
- Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығының қызметі арқылы қарыз алушыны биометриялық сәйкестендіру арқылы;
- Жеке деректер мен қарыз алушының нақты уақыттағы бейнесін екі факторлы тексеру арқылы.
Сонымен қатар, 2022 жылдың қаңтарынан бастап микроқаржы ұйымдары клиент көрсеткен абоненттік нөмірді ұялы байланыс операторларының деректерімен салыстыруға міндетті.
Қазақстандықтар арасында жалған қарыздардың туындауының алдын алу және олардың мүдделерін алаяқтардан қорғау мақсатында 16 қаңтардан бастап Қазақстанда алаяқтық жолмен берілген шағын несие бойынша берешекті реттеу тәртібі енгізілді.