Қазақстандықтар тұрғылықты жер бойынша онлайн жиі тіркеле бастады

Жыл басынан бері 1,2 миллионнан астам қазақстандық тұрғылықты жері бойынша электронды үкімет порталы арқылы тіркеуге тұрды, бұл ретте 699 мың қызмет алушы ХҚО-ға барып тіркелуді жөн көрген. Осылайша, 2020 жылы egov.kz порталындағы «Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жер бойынша тіркеу» қызметіне сұраныс екі есеге жуық өскені байқалады.
Өткен жылдың сәйкес мерзімі ішінде көрсеткіш түбегейлі басқа болған. ХҚО арқылы 2,1 миллионнан астам қызмет алынса, 726 мың тіркеу электрондық үкімет порталында жүзеге асқан.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, электронды қызметтерге деген сұраныстың күрт өсуі COVID-19 пандемиясы мен төтенше жағдай кезінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жабылуына байланысты. «Пандемия электронды қызметтердің дамуына үлкен серпін берді. Егер бұрын үлкені де, кішісі де қарапайым анықтамалар үшін халыққа қызмет көрсету орталығына баруды жөн көретін болса, карантин жағдайында денсаулықтарына алаңдаған азаматтар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше онлайн түрде ала бастады. Күн сайын мыңдаған адам қызмет алуға келетін мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері ретінде бұл бізді өте қуантып отыр. Азаматтарға бұдан да күрделі қызметтерді ұсыну мүмкіндігі жасалуда», – деді Балташева.
Egov.kz электронды үкімет порталында тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін өтініш берушінің және жылжымайтын мүлік иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы керек. Тіркелуші азамат өтініш жасап, мүлік иесі оны растауы қажет. Тұрғындарды тіркеу қызметін «Азаматтық, миграция және иммиграция» – «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөлімінен табуға болады.
Еске салайық, 2019 жылдың маусым айынан бастап азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу қызметін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері жүзеге асырады бастады. Бұл халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесіне сәйкес тіркеу қызметтерін ұсынуға мүмкіндік берді, яғни таңғы 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз, сондай-ақ көші-қон полициясының деректер базасына тіркеу мүмкіндігі бар қызметкерлердің санын көбейтіп, осы қызмет түріне кезекті азайтты.

Устранить коллизии в законодательстве

Бизнес-омбудсмен выступил с предложением об уточнении понятий: «преступная» и...

В ловушке «легких» денег

ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ОБЕСПОКОЕНЫ ВОВЛЕЧЕНИЕМ МОЛОДЕЖИ В НАРКОПРЕСТУПЛЕНИЯ И ДРОППЕРСТВО....

Казахстанский детектив и новые ориентиры

ИЗ ГОДА В ГОД КАЗАХСТАН УКРЕПЛЯЕТ СВОЕ ЛИДЕРСТВО В...

Жилье должно быть по карману

АРЕНДА ЖИЛЬЯ В КАЗАХСТАНЕ ЗА ГОД ПОДОРОЖАЛА НА 17,1...