Қазақстандықтар референдумға 51 елде дауыс бере алады

5 маусымда республикалық референдум шеңберінде дауыс беруге қатысатын шетелдегі қазақстандықтар үшін 51 елде сайлау учаскелері құрылады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстанның 51 шет мемлекеттегі өкілдігі жанынан учаскелер құрылады. Бұл учаскелердегі тізімге сайлау құқығы бар, шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іссапарда жүрген және Қазақстан азаматы екенін көрсететін төлқұжаттары бар барлық азамат енгізіледі», — деді Петров Орталық референдум комиссиясының отырысында.

Шет мемлекеттерге жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарларға кеткен қазақстандықтар учаскелік комиссияға жүгінсе, төлқұжаттары болса, тізімге енгізіледі.

«СІМ шетелдердегі азаматтарымыздың тізіміне енгізу үшін Қазақстаннан тыс жерлерде орналасқан учаскелік комиссияларға көмек көрсетеді», — деп түсіндірді Петров.

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...

Слышать людей, действовать вместе

ПРЕЗИДЕНТ КАЗАХСТАНА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ПРИЗВАЛ НОВЫЙ КОНСТИТУЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ ХАЛЫҚ...

Уголовно-исполнительное право: проблемы и пути их решения 

ИЗВЕСТНЫЙ КАЗАХСТАНСКИЙ УЧЕНЫЙ-ЮРИСТ, ПРОФЕССОР КАФЕДРЫ УГОЛОВНОГО ПРАВА И УГОЛОВНОГО...