Қазақстандықтар Наурыз мейрамында он күн демала ма?

Қазақстанда Ұлыстың ұлы күні — Наурызды он күн тойлау ұсынылды. Шенеуніктер тіпті, арнайы жоспар да әзірлеп қойған. Егер ұсыныс қабылданса, Наурыз 14-інен бастап тойланады. Алайда бұл күндері демалыс болады ма? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды.

Қазіргі күні мәдениет және спорт министрлігі көктемнің басты мейрамына орай қазақстандықтарға он күн демалыс беруді талқылауда. Жаңа жоспарға сүйенсек, Наурыздың әр күнін тойлау мағыналық жағынан әртүрлі болмақ. Мәселен, 14 наурыз — көрісуге арналса, 15 наурыз табиғатты құрметтеуге, 16-сы аруақтар мен бата алуға бағытталмақ. Ал мерекенің басты күндері ұлттық дастарханға арналып, Ұлыстың ұлы күнін тойлаумен өтпек.

Алайда министрлік қазіргі кезде «қазақстандықтар он күн бойы демалады ма?» деген сұраққа жауап беруге дайын емес сыңайлы. Айта кетейік, Наурызды жаңаша тойлауды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын. Еске салайық, биыл Наурыз мейрамынан орай тұрғындар бес күн қатарынан демалады.

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...