Қазақстандықтар 243,5 мың адамға көбейді

2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ел тұрғындарының саны 19 млн 160 мың 700 адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11 млн 405 мың (59,5%), ауылдықтар – 7 млн ​​755,7 мың (40,5%) адамға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдың 1 наурызымен салыстырғанда халық саны 243,5 мың адамға немесе 1,3%-ға өсті.

Бұл ретте әйелдер 51,4%, ерлер 48,6% құрайды.

2022 жылғы қаңтар-ақпанда республика халқының өсімі 2021 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда (42,1 мың адам) 15,1%-ға төмендеп, 35,7 мың адамды құрады. 1 мың халыққа шаққандағы табиғи өсімнің жалпы көрсеткіші 11,50 адамды құрады.Ұлттық статистика бюросы

АХАЖ мәліметтері бойынша 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында туғандар саны 62,8 мың адамға жетті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (65,7 мың адам) 4,5%-ға аз. Туудың жалпы коэффициенті 1 мың адамға шаққанда 20,20 туылған.

Бұл ретте қайтыс болғандар саны 27,1 мың адамды құрап, 2021 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда (23,7 мың адам) 14,4%-ға артық. Жалпы өлім көрсеткіші 1 мың адамға шаққанда 8,70 өлімді құрайды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері екі айда бір жасқа толмаған 537 нәресте қайтыс болған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (517 нәресте қайтыс болды) нәресте өлімі 3,9%-ға өсті. Нәресте өлімінің көрсеткіші 1000 туылғанға шаққанда 8,55 жағдайды құрады.

В фокусе безопасности

На территории ВосточноКазахстанской области прошло республиканское оперативнопрофилактическое мероприятие «Правопорядок»,...

«Алатау аманаты»

Все страны, заинтересованные в увеличении туристического потока, чтобы вызвать...

Новые штрафы и пределы допустимого наказания

В ПОСЛЕДНИЕ ДНИ В ОБЩЕСТВЕННОМ ПРОСТРАНСТВЕ АКТИВНО ОБСУЖДАЮТСЯ ИЗМЕНЕНИЯ,...

«Резиновые квартиры», «трезвые села» и «умные камеры»

Жителям Восточного Казахстана февраль запомнился серией интересных, разнообразных и...

Концепция «Таза Қазақстан» в действии 

В Министерстве экологии и природных ресурсов РК подвели итоги...