12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақстандықтар 100 күн бойы денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныстарын жолдай алады

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында қазақстандықтардан 100 күн бойы ұсыныстар қабылдайды. Бұл туралы ведомство басшысы Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың сауалдарына уақтылы және тез көңіл бөліп, ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерін іске асыру бойынша жұмыстар атқармақ. 

“​Соған байланысты, жұмыста ашықтық пен жариялылықты ұстанып, біздің азаматтарымыздың мүдделеріне басымдық бере отырып, бюрократиясыз, қарапайым азаматтардың, қоғам мүшелерінің қатысуымен сіздермен ашық диалог құру үшін қолдау көрсетуге шақырамыз және денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін «100 күн — 100 сұрақ» бірлескен жобасының басталғаны туралы хабарлаймыз. 

​Төменде көрсетілген әлеуметтік желілердегі аккаунттар мен электрондық поштаға медициналық көмектің сапасын жақсарту мен денсаулық сақтаудың басқа да аспектілері туралы өз ұсыныстарыңызды енгізуді сұраймын», — деп жазды министр.

Денсаулық сақтау министрлігіне келесі байланыс тетіктері арқылы арыз-ұсыныс жолдауға болады: электронды пошта — 100dnei100voprosov@mail.kz; ресми сайт — https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru; әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар — https://instagram.com/healthcare.gov.kz?utm_medium=copy_linkhttps://www.facebook.com/MinzdravRK

2 наурызда Мемлекеттік күзет қызметіне үміткерлерді іріктеу басталады

2 наурызда барлық аймақтардағы жергілікті әскери атқару органдарында Қазақстан...

Татуласу рәсімдерінің құқықтық негіздері және оларды жүргізу тәртібі

Бүгінгі таңда соттарда қолданылатын медиацияның мақсаты дауды (жанжалды) шешудің...

Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет

Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндеттіміз....

В РУСЛЕ ЗАЩИТЫ ПРАВ И СВОБОД

Обсуждение проекта новой Конституции в январе-феврале 2026 года стало...

НА ПРИНЦИПАХ ТРАНСПАРЕНТНОСТИ И ИНКЛЮЗИВНОСТИ

Деятельность Комиссии по конституционной реформе демонстрирует системный и научно...