Қазақстандық оқушылар төртінші оқу тоқсанында қалай оқиды: Білім министрлігі негізгі ерекшелікті айтты

Білім және ғылым министрлігі төртінші тоқсандағы оқу тәртібін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімованің айтуынша, төртінші тоқсан штаттық форматта басталады. Оқушылар бұрынғыдай толығымен кабинеттік оқу режиміне ауысады.

«Алдағы тоқсанның тағы бір ерекшелігі бар. Жақында ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша кабинеттік жүйеге қайта көшу туралы шешім шығарылған болатын. Бұл дегеніміз, бұған дейін оқушылар бір кабинетте отырып, сабақ оқыса, төртінші тоқсанда физиканы физика кабинетінде, математиканы математика кабинетінде, химияны химия кабинетінде оқиды», — деді Кәрімова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Бұдан бөлек, қаңтар айында оқушыларға қосымша бір апта демалыс берілгеннен кейін төртінші тоқсанда өтпей қалған тақырыптар біріктіріледі.

«Маскалық режим, әлеуметтік дистанция және Ashyq жүйесі бойынша талаптар болмайды. Бірақ та әрбір білім басшылары үшін санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтау міндеті бар. Атап айтқанда, кабинеттерде уақытында дезинфекция жасау, таза ауа кіргізу және тағысын тағы», — деп атап көрсетті ол.

Айта кетейік, төртінші тоқсан 31 наурызда басталып, 25 мамырда аяқталады. Соңғы тоқсан сегіз аптаға созылады.

Ветераны-афганцы призвали участников акции «Батырларға тағзым» строго соблюдать закон и общественный порядок

Председатель общественного объединения «Союз ветеранов Афганистана» Мурат Абдушукуров на...

Судьялар одағына — 30 жыл!

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына биыл 30 жыл толып...

Обжалование подзаконных нормативных правовых актов в административном судопроизводстве

17 декабря 2025 года в законодательство Республики Казахстан внесены...

«Платишь – молчишь. Эта эпоха заканчивается»

Максут Насибулов - о реформе жилищного управления, исчезающих деньгах...