Қазақстандық мектептерде кейбір пәндер бойынша ұлдар мен қыздарды бөлек оқытуды ұсынылды

Қазақстан мектептерінде жаңа оқу жылынан бастап ұлдар мен қыздар дене шынықтыру және технология сабақтарына бөлек қатыса алады. Мұндай ұсыныстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне түсіп жатыр екен. Бұл пәндер бойынша бөлек оқыту сыныптағы оқушы санына қарамастан жүргізіледі, деді Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарының директорларын ротациялау жалғасады. Мектептерде жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу жұмыстары олардың шаруашылық жүргізу құқығына көшуімен жүргізіледі. Республиканың үздік мұғалімдерінің платформасын құру жоспарлануда.

Комитет басшысы атап өткендей, мектептер де балалар қозғалысын дамытуды жалғастырады. Пікірталас, өзін-өзі басқару апталығы, оқу орындарында театрлар ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларының өзін-өзі тануы көтеріледі. Сонымен қатар, кем дегенде 20 минутқа созылатын күнделікті кітап оқуды ұйымдастыру жоспарлануда.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.