12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстандық мұнай экспорты: КҚК-да екі айлақ жұмысы тоқтатылды

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) екі қондырғы жұмысы уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«2022 жылы тамызда сүңгуір бригадаларымен ВПУ-1 және ВПУ-2 жабдықтар кешеніне жоспарлы техникалық қызмет көрсету кезінде суасты құбырларының қалқымалы цистерналарға бекіту орындарында жарықтар анықталды (ескерту: қалқымалы танк суасты құбырлар гильзасын алдын ала белгіленген конфигурацияда ұстауға арналған, ауа толтырылған қуыс құрылым)».

Консорциум Қара теңіз халқына, флорасы мен фаунасына қауіп жоқ екенін, техниканың тығыздығы сақталғанын атап өтті.

1 / Сурет: КТК

2 / Сурет: КТК

«Суасты жабдықтарынан анықталған зақымдарға байланысты КҚК дереу ВПУ өндірушісіне, IMODCO-ға, сондай-ақ құрылғылардың қауіпсіз жұмыс істеуін қадағалайтын ABS классификациясы қоғамына құрылғыны одан әрі пайдалану мүмкіндігі туралы кеңес алу үшін жүгінді.

Бұл ұйымдар қалқымалы танкті ауыстырғанға дейін ВПУ жұмысын тоқтатуды ұсынды. ABS 2021-2022 жылдары қысқы кезеңде ерекше күрделі гидрометеорологиялық жағдайлардың байқалғанын, бұл зиян келтіруі мүмкін екенін атап өтті», — деді КҚК өкілдері.

Сонымен қатар, консорциум ақау мұнайдың төгілуіне немесе апатқа әкеп соқпағанын баса айтты. Компанияның жабдыққа қатысты осы тәуекелдерді жою шараларын қабылдағаны атап өтілді.

«КҚК тиісті техникалық тапсырманы әзірледі және құрылғыларды ауыстыруды көздеп отыр. Бұл операцияны жүзеге асыру үшін ұйымдарды алдын ала біліктілігі бойынша іріктеу жүргізіліп жатыр», — деп қорытындылады ҚҚК.

КҚК жағдайға қатысты қосымша хабарлауға уәде берді.

КҚК құбыр жүйесі – ТМД-дағы энергетика саласындағы ең ірі жобалардың бірі. «Теңіз – Новороссийск» құбырының ұзындығы 1511 шақырым. Қазақстанның барлық экспорттық мұнайының үштен екі бөлігінен астамы, сондай-ақ ресейлік кен орындарының шикізаты, оның ішінде Каспий теңізінде орналасқан кен орындары осы бағыт бойынша тасымалданады.

Судебный кабинет

Судебный кабинет – это единое окно для доступа к электронным...

Мемлекеттік корпорация қызмет көрсету сапасын арттыру үшін оқыту іс-шараларын ұйымдастыруда

            «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін...

TALQYLAU: Цифрландыру мен жасанды интеллект – елдің басты басымдықтары

Қазақстан цифрландыру саласында айтарлықтай жетістікке жетті. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің...

Кассациялық сот туралы

Елімізде 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап апелляциялық және қайта...

Новый «Патруль», «Заманback» и «Qazaq alemi»: Кинопоиск собрал казахстанские хиты кинопроката

Казахстанское кино стало по-настоящему массовым феноменом, и теперь лучшие...