Қазақстандық кәсіпкер мен украиналық тележүргізуші Мальдив аралында неке қиды

Саясаткерлерден сұхбат алатын «Без галстука» авторлық шоуымен танымал болған украиналық тележүргізуші Иванна Онуфрийчук Мальдив аралдарында қазақстандық Алмаз есімді кәсіпкерге тұрмысқа шықты. Тележүргізуші Instagram-парақшасында үйлену тойындағы суреттері мен видеоларын бөлісті, — деп хабарлайды «Страна.ua».

Украиналық басылым мәліметіне сүйенсек, кәсіпкер қалыңдықтың барлық «еркелігін», соның ішінде Мальдив аралдарындағы салтанатқа және танымал дизайнер Жордж Хобейкадан алған той көйлегін төлеген, деп жазады tengrinews.kz.

«Салтанат Воава аралында өтті. Four Seasons қызметкерлері қызмет көрсетті. Жалпы алғанда Воава аралына 22 адам сияды және оның құны күніне — 40 мың доллар. Дан Балан, Дима Монатик, Lida Lee және Nino мереке қонақтарына ән шырқады.

Сондай-ақ, үйлену тойында Амадор Лопес RUMBERO’s тобымен өнер көрсетті. Үйлену тойын шоумен Александр Белов және тележүргізуші Екатерина Варнава жүргізді», — деп жазады басылым.

Жұп үйлену тойын жазда Украинада жасауды жоспарлап отыр. Ерлі-зайыпты екі елде тұрады. Өйткені тележүргізушінің жұбайы Швейцарияда жұмыс істейді екен.

 

Онуфрийчук болашақ жарымен Испанияда танысқан. Кейін ұзақ уақыт бойы телефон арқылы хабарласып тұрған. Олар бір жыл бұрын жақын танысып, ал бірнеше ай бұрын кәсіпкер сүйіктісіне ұсыныс жасады.

Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...